05.02.2021, 17:09 15129

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді

Нұр-Сұлтан. 5 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы №5 қаулысы күшіне енді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, "қызыл" немесе "сары" аймақта орналасқан діни объектілерінде ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. "Жасыл" аймақта - мешіттерде толымдыдығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген. Қуаты 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-дан аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат етілген.
 
Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін: 
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген Анықтаманы ұсынуға міндетті;
 
Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
 
халықаралық транзитпен қатынайтын жолаушылар транзитті аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады.
 
Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автомобиль өту жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локоматив бригадаларының мүшелерін, қызметі темір жол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген Анықтаманы ұсынуға міндетті;
 
Қазақстан Республикасына темір жол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өту жолдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, локоматив бригадаларының мүшелерін; темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
 
Құжат 4 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланды. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны