20.09.2023, 11:03 11841

Қазақстанның Бас прокуратурасы Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғады

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты
Қазақстанның Бас прокуратурасы Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс қозғады
Сурет: polisia.kz
Арнайы прокурорлар Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны