19.10.2009, 12:03 1535

Азаматтардың мүлкі мен кірістерін декларациялау жөніндегі жоспар таяу уақыттарда мемлекет басшысына таныстырылады - премьер

Азаматтардың мүлкі мен кірістерін декларациялау жөніндегі жоспар таяу уақыттарда мемлекет басшысына таныстырылады - премьер

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Азаматтардың мүлкі мен кірістерін декларациялау жөніндегі жоспар таяу уақыттарда мемлекет басшысына таныстырылады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" ХДП фракциясының мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сарапшылардың бағалауынша, салық салу аясына қамтылмаған ағымдағы "көлеңкелі" кірістер деңгейі жыл сайын 1 трлн теңгеден асады, сол себепті салық реформасының келесі қадамы - азаматтардың мүлкі мен кірістерін жаппай декларациялау тәртібін енгізу болмақ", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны