12.03.2010, 16:04 3101

Азаматтарға қатысты арсыздығы үшін өңірлік басшыларды жұмыстан шығару керек - мемлекет басшысы

"Өңір басшыларының деңгейі төмен. Адамдар саяси тұрғыда білімді де білікті, адамдармен қарым-қатынас орнатып, тіл табыса алатын болуға тиіс. Дөрекілікке, арсыздыққа, адамдарды кемсітуге, асқақтыққа жол беруге болмайды. Аудандық аппараттар деңгейінде мұндай жайттардан аяқ алып жүргісіз", - деді Н. Назарбаев. Оның айтуынша, "мұндай адамдарды мемлекеттік қызметтен алу керек, өйткені, олар адамдарға арсыздық көрсету үшін емес, оларға қызмет көрсету үшін қойылып отыр".

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Азаматтарға қатысты арсыздығы үшін өңірлік басшыларды жұмыстан шығару керек. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстанның 2014 жылға дейінгі серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының мәселелері бойынша облыстар, Алматы және Астана қаласы әкімдерімен өткізген кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өңір басшыларының деңгейі төмен. Адамдар саяси тұрғыда білімді де білікті, адамдармен қарым-қатынас орнатып, тіл табыса алатын болуға тиіс. Дөрекілікке, арсыздыққа, адамдарды кемсітуге, асқақтыққа жол беруге болмайды. Аудандық аппараттар деңгейінде мұндай жайттардан аяқ алып жүргісіз", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, "мұндай адамдарды мемлекеттік қызметтен алу керек, өйткені, олар адамдарға арсыздық көрсету үшін емес, оларға қызмет көрсету үшін қойылып отыр".

Бұған қоса мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты "жеке шаралар" қолданылатынын атап өтті. "Заңды жария ету бар да, заңға бағыну, оны құрметтеу - бар, бұл - бұл мүлдем басқа мәселе", - деді ол.

Ол атап көрсеткендей, құқық қорғау органдарының өкілдері "өзінің іс-әрекет, мінез-құлқымен, тіпті жолдардағы қылықтарымен де үлгі болуға тиіс. Мигалканы бетке ұстамай, баршамен бірдей норма сақта",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны