29.09.2023, 17:26 93431

"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды

Директорлар кеңесі Сұлтан Темірбаевтің Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына кіруін мақұлдады
"Қазатомөнеркәсіптің" жаңа басшысы тағайындалды

Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы АҚ (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп", "ҚАӨ" немесе "Компания") 2023 жылғы 28 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі Компания басқармасы құрамындағы мынадай өзгерістерді мақұлдағанын хабарлайды.


Ержан Мұқанов мырза 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі - Компанияның басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен "KAZAKH INVEST" басқарма төрағасы қызметін атқарған және 2015-2020 жылдар аралығында Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Мейіржан Юсупов мырза Қазатомөнеркәсіптің жаңа басшысы болып тағайындалды.

Компанияның Директорлар кеңесінің атынан мен Мұқанов мырзаға геосаяси белгісіздік кезеңінде оның тиімді жұмысы мен Компанияны басқарғаны үшін алғысымды білдіремін, - деді Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің төрағасы Арман Арғынғазин. - Ержан Мұқановтың басшылығымен Қазатомөнеркәсіп өндірістің жоғары тиімділігін көрсетуді жалғастырды және Транскаспий халықаралық көлік бағытын кеңейту оның басшылығымен орындалған маңызды жетістіктердің бірі болып табылады. Директорлар кеңесі Мұқанов мырзаға Компанияның ұзақ мерзімді құндылық жасауға бағытталған стратегиясына көрсеткен адалдығы үшін алғыс білдіреді және оған болашақта барлық жақсылықты тілейді.


Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Сұлтан Темірбаев мырзаның 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына кіруін мақұлдады. Осылайша, қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына мыналар кіреді:

* Мейіржан Юсупов, басқарма төрағасы (2023 жылғы 2 қазаннан бастап);

* Қуаныш Омарбеков, өндіріс жөніндегі бас директор;

* Дастан Көшербаев, коммерция жөніндегі бас директор;

* Сұлтан Темірбаев, экономика және қаржы жөніндегі бас директор;

* Ермек Қуантыров, құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;

* Әлібек Алдоңғаров, HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;

* Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны