05.05.2025, 10:16 42256

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры тағайындалды

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры тағайындалды
Махамбет Елеусінов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Махамбет Қайырбекұлы Елеусінов 1986 жылы туған.

Еңбек жолын 2007 жылы "Өзенмұнайгаз" АҚ-да мұнай өндіру операторы болып бастаған.

2008-2011 жж - "Қаражанбасмұнай" АҚ-да мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды оңтайландыру жөніндегі техник.

2011-2012 жж. - "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ стратегия және тұрақты даму департаментінің сарапшысы.

2012-2015 жж. - "Орал Ойл энд Газ" ЖШС өндіріс жөніндегі департаментінің өндіру инженері.

2015-2023 жж - "Қаражанбасмұнай" АҚ-да мұнай өндіру технологиялары бөлімінің 2-санатты инженері, өндірістік бөлімнің аға инженері, өндірістік бөлімінің жетекші инженері, бұрғылауды бақылау және ҰККЖ қызметінің басшысы, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың шілде айынан бастап "Қазгермұнай" БК" ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны