04.12.2023, 18:22 49816

"ҚазМұнайГаз" Шығыс Өріктау кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді

2024 жылы Шығыс Өріктауда 89 мың тонна мұнай және 46 млн текше метр газ өндіріледі деп күтілуде

ҚазМұнайГаз" Шығыс Өріктау кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға берді, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.


Кен орнын іске қосу Ақтөбе облысы үшін тауарлық және сұйытылған газдың қосымша көлемін алуға мүмкіндік береді.

Шығыс Өріктау кен орнын одан әрі дамыту барысында қосымша тоғыз пайдалану ұңғымасын бұрғылау жоспарланып отыр, бұл мұнай өндіру көлемін жылына 200 мың тоннаға, ал ілеспе газ өндіруді 100 млн текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2024 жылы Шығыс Өріктауда 89 мың тонна мұнай және 46 млн текше метр газ өндіріледі деп күтілуде.

Орталық Өріктау газ конденсатты кен орны және табиғи газдың едәуір қоры бар. Учаскеде жылына 1 млрд текше метр көлемінде газ өндіру жоспарлануда.

Өріктау Оперейтинг" ЖШС Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Жақсартылған моделдік келісімшарт шеңберінде осы кен орнын өнеркәсіптік игеруге көшті, бұл Өріктау жобасының экономикасына айтарлықтай оң әсер етті.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны