БҰҰ күні: Қазақстан жаһандық UN75 науқанына қосылды
Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - БҰҰ күні: Қазақстан жаһандық UN75 науқанына қосылды.
23 қазанда Ұйымның 75 жылдық мерейтойына орай Біріккен Ұлттар Ұйымы күніне арналған "БҰҰ75: Ортақ мақсат ортақ болашақ" атты мерекелік онлайн-шара өтті. Іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ақмарал Арыстанбекова және басқа да көптеген дипломатиялық корпустың, азаматтық және іскер қоғамдастықтардың, БАҚ пен мәдениет өкілдері қатысты.
БҰҰ өзінің 75 жылдық мерейтойын ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптары бар, бұрын-соңды болып көрмеген жаһандық күйзеліс кезінде атап өтуде. БҰҰ күні Ұйым қызметі мен жетістіктерін белгілі бір түрде қорытындылау және әлем назарын Ұйымның жоғары миссиясына аудару мақсатында дүниежүзінде кездесулер, дөңгелек үстелдер мен көрмелер өткізіледі.
Қазақстан UN75 жаһандық сауалнамасының ең белсенді қатысушыларының біріне айналды. Сауалнамаға 35 мыңнан астам қазақстандық қатысып, респонденттердің көпшілігі халықаралық ынтымақтастықты нығайту, денсаулық сақтау саласы, көші-қон және климаттың өзгеруіне назар аудару керектігін атап өтті.
БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі м.а. Якуп Бериш мырза: "БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі жұмыс істей бастағаннан бері Ұйымның Елдік тобы тұрақты даму мақсаттарына жету үшін Қазақстан халқы мен үкіметіне айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Осыған байланысты біз БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі ынтымақтастықтың жаңа Шеңберлік бағдарламасына ұлттық серіктестіктердің басым күштерін шоғырландыру және ресурстарды жұмылдыру арқылы, соның ішінде, Үкімет, азаматтық қоғам, ғылыми қауымдастықтар, жеке сектор, бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық қоғамдастық және Ұйымның өзі қатысатын 2030 жылғы күн тәртібін іске асыру міндетін әрі қарай жүзеге асырудың тетігі ретінде қарастырамыз" деп атап өтті.
Тікелей эфир кезінде іс-шара қатысушылары БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған бейнеклиптің тұсаукесерін тамашалады. Белгілі музыкант, Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының симфониялық оркестрінің дирижері Ернар Нұртазин Назқоңыр және Балбырауын әйгілі шығармаларының кавер нұсқасын орындады. Ернар Нұртазин жобадағы жұмысы туралы алған әсерлерін айта отырып: "Біз осы жұмысымызды бүкіл әлемді бейбітшілікке, дамуға және гүлденуге шақыратын жолдауымызды көрермен қауым сезіне алатындай оңтайлы етіп жасауға тырыстық" деп атап өтті.
Сонымен қатар UN75 жаһандық науқанының аясында әлем бойынша 200-ден астам ғимарат, бағдарлар мен көпірлер көк түске боялады. Халықаралық науқанға Қазақстан да қосылды. 23-24 қазан аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары тұрғындары мен қонақтары "Бәйтерек" монументі, "Қазақстан темір жолы" ғимараты және "Қазақстан" қонақ үйі сияқты көрікті жерлердің БҰҰ көк түсіндегі мерекелік жарықтандырылуын көре алады: https://we.tl/t-UwGzvgEclg
Анықтамалық ақпарат
o БҰҰ көптеген онжылдықтар бұрын әлемдік аренада бейбітшілік орнатудың, халықаралық алаңда әділеттілікті орнатуға қатысудың синонимі болды. Ұйымның шекаралары жоқ және бүкіл әлемді біріктіреді. БҰҰ соғыстан кейінгі Еуропада іргесін қалаған кезден бастап, елдердің абсолютті көпшілігінің мойындауына дейінгі ұзақ жолдан өтті. 2020 жыл бойынша БҰҰ-ға 193 мемлекет мүше.
o 1945 жылдан бастап БҰҰ-ның қолдауымен 170-тен астам бейбітшілік келісімдері жасалып, аймақтық қақтығыстар тоқтатылды.
o БҰҰ көмегімен әлемнің 80-нен астам елдері тәуелсіздік алып, егеменді мемлекет болды.
o БҰҰ күш-жігерінің арқасында адам құқығы, терроризммен және халықаралық қылмыспен күрес, босқындар, қарусыздану, тауарлар және мұхиттарды қорғау туралы 500-ден астам көпжақты келісімшарттар жасалды.
o Әлемдегі ең ірі гуманитарлық көмек агенттігі - Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы жыл сайын 80 елде орташа есеппен 90 миллион адамды аштықтан құтқарады. 2020 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы Нобель сыйлығын жеңіп алды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан ДСҰ алдындағы сауда рәсімдерін жеңілдету міндеттемелерін толық орындады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады
Биыл Қапшағай су қоймасын реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталады. 2024 жылы Ақтөбе су қоймасының реконструкциясы аяқталып, сондай-ақ бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын жаңғырту жұмыстары қайта жалғасын тапты", - деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.
Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдағы ауызсу мәселесі жақсартылды. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады. Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде жұмыстар жүргізілді. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі жақсаруда", - деді Нұржан Нұржігітов.
Қазсушар" компаниясы "Көксарай" қарсы реттегішіне жөндеу жұмыстарын аяқталды, бұл нысанның су жинақтау көлемін 2 млрд текше метрге дейін арттырады.
Қол қойылған меморандумдардың ішінде қытайлық серіктестермен Жамбыл облысында смарт-технологиялар шығаратын зауыт салу бойынша $20 млн ынтымақтастық ниетін, сондай-ақ Азия даму банкімен Есіл қарсы реттегіші құрылысына қаржы бөлу туралы меморандумды ерекше атап өтуге болады. Аталған нысан 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік береді, бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерді су басу қаупінен сақтайды", - деп толықтырды сөзін Нұржан Нұржігітов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Таза көмір" және эмиссияларға мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі: Олжас Бектенов "Жасыл экономика" жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша міндеттер қойды. Біз "Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз, онда ауаның ластануын азайту және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша негізгі индикаторлар айқындалған. Оларға қол жеткізу - барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тікелей міндеті. Өз кезегінде кәсіпорындар қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуды және күл-қоқыс қалдықтарын қайта өңдеуді қамтамасыз етуі қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
"Таза көмірдің" заманауи технологияларына тез көшу керек. Бұл көмір электр стансаларының тиімділігін арттырады және қоршаған ортаға зиянды заттар бөлуді азайтады. Әсіресе біз осындай қорға ие бола тұра, көмір генерациясынан бас тарта алмаймыз, бұл - объективті шындық. Сондықтан оны қолдана беретініміз анық. Бұл ретте көмірден энергия өндіретін барлық қуат көздері заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Жаңа технологиялар көмірді жағу кезінде зиянды қалдықтар көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Энергия көздерін жаңғыртудағы әрбір жұмыстың нәтижесі ластаушы заттарды ең аз бөлу талаптарына сәйкес болуға тиіс. Бұған ұмтылу керек және осы басты межеден ауытқымау қажет. Біздің алдымызда үш ЖЭО салу бойынша және Екібастұздағы жаңа энергоблоктар бойынша үлкен жобалар тұр. Бұл жаңа жобалардың барлығы зиянды қалдықтарды мүлдем шығармайтындай жаңа талаптар бойынша жүзеге асырылады", - деп атап өтті Премьер-министр.
Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 стансасы" АҚ және "Алматы электр стансалары" АҚ-лардың кәсіпорындары Энергетика министрлігі бекіткен газ тазарту жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуды, электр сүзгілерін жаңартуды, азот тотығы, күкірт қалдықтары және шаң-тозаңды азайтуды, сондай-ақ орнықты дамуға және неғұрлым таза энергетикаға көшуге бағдарлауды растайтын анағұрлым экологиялық технологиялық шешімдерге көшуді көздейтін жол карталарын жүзеге асырады.
Жасыл Академия" ғылыми білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина кәсіпорындардың декарбонизациядағы қызметі үшін қосымша критерилерге бастамашы болды. Сондай-ақ, ол ластаушы заттарды азайтуға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге климаттық қаржыландыруды тарту үшін халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева кәсіпорындарды парниктік әсерге қарсы күрес, ESG-қағидаттарын енгізу және көміртегі ізін азайту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды. Алматы қаласындағы экологиялық стандарттардың деңгейін еуропалық көрсеткіштермен салыстыруға болатыны атап өтілді, бұл азаматтардың араласуы жоғары деңгейде екенімен және корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің жақсы дамығанымен байланысты. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" тобына кіретін жекелеген жылу энергетикалық нысандардағы жұмысты күшейту және технологиялық шешімдерді енгізуді егжей-тегжейлі пысықтау қажеттігі айтылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шығарындылар 7,2%-ға төмендеді, қоқыс алаңдарының 91%-ы жойылды: Ерлан Нысанбаев елдегі экологиялық жағдай туралы
Қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданып, олардың 22-сі 89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Ерлан Нысанбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкімет өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқынын қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын әзірлемек
- металлургия (өңдеу құрылымында 40%) - өсу 1,1%,
- машина жасау (17,5%) - өсу 12%,
- тамақ өнеркәсібі (13,1%) - өсу 9%,
- құрылыс материалын өндіру (5,6%) - өсу 6%,
- химия өнеркәсібі (5,4%) - өсу 6%,
- жеңіл өнеркәсіп (0,7%) - өсу 5%.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: алғаш рет мемлекеттік есепке 5 жаңа кен орны қойылды
Елімізде барлығы 2 907 лицензия және 251 қатты пайдалы қазбалар келісімшарты бар. Біз жер қойнауын тиімді игеру үшін геологиялық саланы жаңа технологиялық деңгейге көшіру бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деп атап өтті вице-министр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелуін кеңейтеміз. Бүгінгі таңда 2 млн шаршы шақырымнан астам зерттелді, ал 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға жетеді. Қарағанды облысында сирек жер металдары бар перспективалы учаске анықталды", - деді ол.
Жұмыстар Ұлттық геологиялық қызмет пен жетекші институттардың қатысуымен аэрогеофизикалық технологияларды қолдана отырып консорциум аясында орындалатын болады. Бұл Президент қойған міндеттерге сәйкес геологиялық барлаудың тиімділігін арттырады", - деп түсіндірді Иран Шархан.
Учаскелерді игеруге "Тау-Кен Самұрыққа" басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады", - деп атап өтті Иран Шархан.
Жаңа инфрақұрылым мен заңнамалық база бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастыруға, аналитиканың сапасын арттыруға және геология саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов денсаулық сақтау саласын цифрландыру және қаржылық тәртіп мәселесі бойынша кеңес өткізді
Біздің бағыт - көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын үнемі жақсарта отырып, қолжетімділігін арттыру. Цифрландырудың алғашқы нәтижелерін қазірдің өзінде көріп отырмыз. Озық технологияларды қарқынды енгізуді жалғастыру қажет. Процестерді автоматтандыру медициналық персоналды бюрократиялық рәсімдерден босатып қана қоймай, емдеу мен дәрі-дәрмекке бөлінген қаражаттың жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сол кезде азаматтар да, дәрігерлер де, мемлекет те реформалардың нәтижелерін айқын көретін болады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 22:01Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді 15.12.2025, 20:37 168071Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты15.12.2025, 23:10 168016Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 167766Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды17.12.2025, 11:28 132136Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183676Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 168316Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 20:37 168071Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты15.12.2025, 23:10 168016Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 167766Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды

