05.02.2019, 17:52 13112

Б. Сағынтаев Астанадағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтып, өрт қауіпсіздігі тексерістері сапасының бақылауын күшейтуді тапсырды

Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановтың және ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың аталған отбасыға қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртібінің мәселелерін қарастырар алдында өрт кезінде қаза тапқан бес баланың ата-анасы мен туған-туыстарының қайғы-қасіретіне ортақтасып, көңіл айтты.

Жан түршігерлік жағдай Астанада 4 ақпан күні орын алды.

"Бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай-күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш-қуат берсін. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына, барша ағайындарына қайғырып, көңіл айтамыз", - деді Б. Сағынтаев.

Астана қаласының әкімі Б. Сұлтановтың және ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың аталған отбасыға қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев алдағы тәуліктерде бірқатар өңірлерде күннің қатты суытатынына орай, әкімдіктердің, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар қызметтерінің назарын өрт қауіпсіздігі мәселесіне аударды. Өйткені, жылу желілерінде жылу беру температурасы артады, жеке үйлерде пеш жағу да күшейе түседі. Сондықтан, қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше назар аудару тапсырылды.

ҚР Ішкі істер министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылу беру маусымы аяқталғанша өрт қауіпсіздігі айлығын қайта бастау тапсырылды. Жылу мен энергия беретін барлық ұйымдар, әкімдіктердің тұрғын-үй коммуналдық қызметтері тұтынушыларды жеткілікті деңгейде жылумен және жарықпен қамтамасыз етуі тиіс. Барлық қызметтер іркіліссіз және апатсыз жұмыс істеуі қажет. Бұл мәселені әкімдіктерге ерекше бақылауға алу тапсырылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдіктері мен ҚР ІІМ-ге қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жеке үйлердегі өрт қауіпсіздігіне жүргізілетін тексерістер сапасына ерекше көңіл бөлу тапсырылды. Қатаң талап болуы тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны