19.10.2012, 14:43 3243

Б. Жәмішев еліміздің мемлекеттік бюджеттеу жүйесінің қалай жетілдірілетіндігімен хабардар етті

Бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев еліміздің мемлекеттік бюджеттеу жүйесінің қалай жетілдірілетіндігін тарқата айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігін.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Б. Жәмішев еліміздің мемлекеттік бюджеттеу жүйесінің қалай жетілдірілетіндігімен хабардар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін BNews.kz порталында өткен онлайн-конференция барысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев еліміздің мемлекеттік бюджеттеу жүйесінің қалай жетілдірілетіндігін тарқата айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық агенттігін.

Оның атап өтуінше, көптеген елдерде шығыстардың белгілі бір бөлігін әкімшілердің келесі жылға ауыстыру мүмкіншілігі қарастырылған. Яғни белгілі бір нысанға бөлінген қаржы жыл соңына дейін игерілмесе, келесі жылға ауыстыруға мүмкіндік бар.

"Біздің бюджетте мұндай иілгіштік жоқ. Сондықтан да бізде кейінге қалып қойған нысандарда соңғы нәтижеде игермеу, орындамау тіркеледі. Яғни ортамерзімді перспективада жобаларды қаржыландыруды басқару жүйесі жоқ", - деді ол.

Осы орайда бұл мәселеген қатысты үкіметтің қолға алған шараларына тоқталған Б.Жәмішев: "Қазіргі уақытта мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын әзірлеген Экономика министрлігімен бірлесіп, нәтижеге негізделген бюджеттеуді одан ары дамытудың тәсілдерін әзірледік", - деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны