01.04.2008, 13:29 2734

Байқоңырда "Мигрант" іс-шарасы барысында Өзбекстаннан заңсыз келген 44 адам анықталды - ҚР ІІМ

Байқоңырда "Мигрант" іс-шарасы барысында Өзбекстаннан заңсыз келген 44 адам анықталды - ҚР ІІМ

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Көші-қон полициясы қызметкерлері мен ҚР ІІМ өкілдігінің басқа да қызметтерінің мамандары Ресей ІІМ-нің Байқоңыр кешеніндегі ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп, "Мигрант" алдын алу іс-шарасы аясында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу ережелерін бұзу оқиғаларын анықтау бағытында рейд өткізді, деп хабарлайды агенттік ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқоңырда орналасқан ""Қазақстан ғарыш сапары" ҰК"АҚ нысанында жүргізілген рейд кезінде Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 44 азаматы анықталды.

Ұсталғандардың жасы 18 бен 59 аралығында.

Тексеру барысында белгілі болғанындай, олардың бәрі де қара жұмысшы болып істеген.

ҚР ІІМ-нің Байқоңырдағы өкілдігінің бастығы Бауыржан Балғабековтың айтуынша, "шетелдіктер ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Байқоңыр қалалық сотының 2008 жылдың 27 наурызындағы шешімімен үш тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бұдан кейін Қазақстан аумағынан аластатылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны