27.04.2015, 20:36 3953

Байланыс топтары мен желілерін кеӊейту бойынша өткен оқу-жаттығуында жаӊа сандық станциялар пайдаланылды

Семейдегі 44793 әскери бөлімініӊ командирі Дәурен Задановтыӊ басшылығымен байланыс тораптары мен желілерін өрістету бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Семейдегі 44793 әскери бөлімініӊ командирі Дәурен Задановтыӊ басшылығымен байланыс тораптары мен желілерін өрістету бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Арнайы тактикалық оқу-жаттығуға 120-дан аса әскери қызметші қатысып, 35 байланыс техникасы тартылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Оқу-жаттығуға ескі үлгідегі техникадан сипаты жағынан асып түсетін Р142Н1, Р409МЦ, Т240ТМ1 жаӊа сандық станциялары пайдаланылғанын айта кеткен жөн.

Жаттығу барысында басқарманыӊ далалық командалық пункті мен запастағы командалық пункт тораптары және тылдық пункт торабы кеӊейтілді.

Байланыс торабында әскери қызметшілер кезекшілік ұйымдастырып, радиоорталықтар, телеграф және телефон орталықтары, сондай-ақ ұйымдастыру арнасы іске қосылды.

Бұдан өзге жауынгерлік жағдайға қажетті түрлі қосалқы жұмыстар іс жүзінде атқарылды.

Жаттығау шеӊберінде барлық тапсырмалар толық пысықталғанын атап өткен жөн. КПББ рота командирі лейтенант Елнұр Дүйсенбинов, аппаратты ЗКПББ бастығы аға сержант Мұратбек Сламов және Р140М радиостанциясыныӊ бастығы кіші сержант Айдын Қуанышбаев үздік әскери қызметшілер қатарынан көрінді.

Естеріӊізге сала кетсек, байланыс батальондары мен роталарында байланыс тораптары мен желілерін өрістету бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығулары, сондай-ақ нормативтерді дара және топтасып орындау жылына екі рет жауынгерлік даярлық жоспарыныӊ аясында өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны