17.12.2017, 19:23 4512

Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы министрлігініӊ ұжымына жаӊа министрді таныстырды

"Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды", - деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР АШМ ұжымына ауыл шаруашылығы жаӊа министрі - Өмірзақ Шөкеевті таныстырды.

"Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды", - деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Бақытжан Сағынтаев Асқар Мырзахметовке бірлесіп атқарған нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіріп, еліміздіӊ ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

"Министрліктіӊ алдында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын іске асыру секілді өте маӊызды міндеттер тұр", - деді Премьер-Министр Өмірзақ Шөкеевті таныстыра отырып. - Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында аграрлық сектор экономиканыӊ жаӊа қозғаушы күшіне айналуы тиіс екенін айтып өтті. Президен ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу, түсімді арттыру, еӊбек өнімділігін ұлғайту және саланыӊ экспорттық мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыс қарқынын күшейтіп, жеделдетуі керек. Негізгі басымдық - жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру".

Б. Сағынтаев жаӊа министрге және министрлік ұжымына табыс тілеп, алға қойылған міндеттерді іске асыруға белсене араласып, барынша күш жұмылдыру қажеттігін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны