28.06.2017, 17:10 3805

Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкіметтік делегация Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Алдымен Қызылорда су торабында болған Үкімет мүшелері Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен көктемгі тасқын суды жинақтау және суармалы жерлердіӊ аумағын ұлғайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Қызылорда. 28 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасыныӊ Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкіметтік делегация келді. Оныӊ құрамында ҚР Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ басшысы, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау, еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, мәдениет және спорт, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлері, сондай-ақ, бірқатар мемлекеттік органдардыӊ және даму институттарыныӊ жетекшілері бар.

Алдымен Қызылорда су торабында болған Үкімет мүшелері Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен көктемгі тасқын суды жинақтау және суармалы жерлердіӊ аумағын ұлғайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны