12.07.2007, 16:29 2722

Бас прокуратура Алматы облысындағы жер телімдерін тарату барысындағы заң бұзушылықтарды анықтады

Бас прокуратура Алматы облысындағы жер телімдерін тарату барысындағы заң бұзушылықтарды анықтады

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Бас прокуратура Алматы облысындағы жер телімдерін тарату заңдылығына жүргізілген тексеруді аяқтады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Өрескел заң бұзушылақтар , бар, оларды біз бұрын да анықтағанбыз, бұл жолы да қосымша деректердің беті ашылды",- деді ол.

Бірақ ол осы орайда нақты деректер мен мәліметтер келтіруден бас татрты. "Мәселе қазір қаралып жатыр. Нақты ат атап, деректер келтіру әзірге ерте. Шара қолданыла сала біз бұл мәселеге қайта ораламыз",- деп уәде берген ол "тиісті ақпарат мүдделі министрліктер мен мекемелерге жіберілді",- деді.

Бас прокуратура Алматы облысындағы жер телімдерін тарату заңдылығына үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен тексеру жүргізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны