15.07.2015, 12:14 3689

Бас прокуратура балаларға зорлық көрсетуді төмендету үшін 4 бағытты ұсынды

ҚР Бас прокуратурасы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарына қарсы күресу жолында 4 бағыт ұсынды, деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары Андрей Кравченко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 15 Шілде. Kazakhstan Today - ҚР Бас прокуратурасы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарына қарсы күресу жолында 4 бағыт ұсынды, деп мәлімдеді ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары Андрей Кравченко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз осыдан екі апта бұрын Елбасыныӊ тапсырмасымен Бас прокуратураныӊ құқықорғау органдарыныӊ дәстүрлі кеӊесін өткіздік. Онда кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылықтарға себеп болатын проблемалар талқыланып, осы ретте бірінші кезекте қандай шаралар қабылдау керектігі айтылды", - деді А. Кравченко, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасарыныӊ айтуынша, олар осы мақсатта негізгі 4 бағытты таӊдады.

"Біріншіден, осындай қылмысқа барғандардыӊ жазасын қатайту, екіншіден оларды жазасын өткегеннен кейін қатаӊ бақылауға алу, балалар порнографиясын насихаттайтын ақпараттардан ғаламтор кеӊістігініӊ қауіпсіздігін қорғау, төртіншіден осы меселені шекарада реттеу керек", - деп атап өтті ол.

А. Кравченко атап өткендей, аталмыш шаралар қоғам қолдау көрсеткенде лайықты нәтиже беретін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны