04.12.2006, 13:06 2879

Бас прокуратура республиканың қылмыстық-атқару жүйесінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады

АСТАНА. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бас прокуратура республиканың әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Мәселен, республиканың әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тарапынан ҚР қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабын сақтамау деректері тіркелген. Бұл бапта айыпкер тұтқынға алынғанға дейін тұрып келген облыстың аумағында жазасын өтейді деп көрсетілген",- делінген Бас прокуратура бүгін таратқан хабарламада.

Жоғарғы қадағалаушы органның мәліметінше, заңның бұл нормасы "іс жүзінде мүлдем орындалмайды. Соның салдарынан сотталғандардың 50 процентке жуығы басқа өңірдегі түзету мекемелерінде отыр".

"2004-2005-жылдарда тұтқындар ҚР қылмыстық-атқару кодексінің 68-бабындағы талаптарды мүлдем ескермей олай-бұлай айдалған.. Сотталғандарды сол өңірде тиісті режимдегі түрмелердің бар екеніне қарамастан, өздері тұратын облыстардың аумағынан тысқары жерлерге айдап жіберу деректерін прокурорлар биыл да анықтады",- делінген хабарламада.

"Сотталғандарды негізсіз айдап жіберу деректері олардың құқығын бұзумен шектелмей, сонымен бірге бюджет қаржысын тиімсіз жұмсауға алып келді".

Мәселен, егер жыл сайын сотталғандарды еліміздің бір өңірінен екіншісіне жеткізуге 29 млн. теңдеген астам қаржы жұмсалатын болса, оның 10 млн. теңгесі заң бұза отырып айдау шығындарына кеткен .

Сонымен бірге тексеру нәтижесі көрсеткендей, "қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандар мен олардың туыс-туғандарының жазаны одан әрі тұрғылықты жерінде өтеуге жіберу туралы өтініштерін де қанағаттандырмай келген. Комитет пен оның бөлімшелері қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін немесе оны дұрыс түсіндірмеуге байланысты ойдан шығарылған негіздерді көлденең тартып келген",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты Бас прокуратура әділет министрлігінен анықталған заң бұзушылықтарды жоюға жедел шаралар қолдану, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешуді талап етті.

Сонымен бірге жоғарғы қадағалаушы орган әділет министрлігінің назарын қатаң және айрықша режимдегі жаңа түзету мекемелерін ашуға аудартты. Өйткені, қазір осындай мекемелер тек еліміздің солтүстік өңірінде шоғырланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны