22.04.2010, 16:38 3093

Бас прокуратура республиканың су қоймаларындағы қорғау қондырғыларының жай-күйіне тексеруді аяқтады

Бас прокуратура республиканың су қоймаларындағы қорғау қондырғыларының жай-күйіне тексеруді аяқтады

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Бас прокуратура республиканың су қоймаларындағы қорғау қондырғыларының жай-күйіне тексеруді аяқтады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Су деңгейін бақылауға арналған бекеттердің және су өлшегіш құралдардың болмауы, сондай-ақ жөндеу және реттеу, бекіту механизмдерінің жай-күйіне бақылау тексерісін жүргізу мерзімдерінің бұзылуы жиі кездесетін заң бұзушылықтарға жатады. Тексеру барысында бірқатар иесіз қалған су шаруашылық объектілері анықталды",- деді Н.Сүйіндіков.

Оның хабарлауынша, прокурорлардың тексерулеріне 400-ге жуық су объектілері қамтылды. Нәтижесінде, олардың көпшілігінің белгіленген тәртіпті, оның ішінде қауіпсіздік талаптарын бұза отырып пайдаланылып жүргендігі анықталды.

"Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлар 50 ұсыныс енгізді, 5 ұйғарым орындалды, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша 17 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Барлық иесіз қалған су қоймалары уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды. Тексерудің нәтижелері бойынша Бас прокуратура үкіметтің атына ұсыныс әзірлеуде",- деді ресми өкіл.

"Жалпы алғанда, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп туған жағдайда әрекет етудің нақты механизмдері, түрлі құрылымдардың жауапкершілігінің шегін орнату арқылы төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесі жетілдірілуде",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны