19.02.2016, 11:13 3270

Бас прокуратура сайлау кезінде заӊнаманы сақтауға шақырады

Адам мен азаматтыӊ құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заӊдылықты сақтау, заӊ бұзушылықтардыӊ алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сайлау процесіне қатысушылардыӊ назарын сайлау алдындағы іс-шараларға қатысты келесі заӊнама нормаларына аударамыз

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарыныӊ сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесініӊ қатысушыларымен сайлау туралы заӊнаманыӊ дәл және бірыӊғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Адам мен азаматтыӊ құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заӊдылықты сақтау, заӊ бұзушылықтардыӊ алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сайлау процесіне қатысушылардыӊ назарын сайлау алдындағы іс-шараларға қатысты келесі заӊнама нормаларына аударамыз, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ 20.01.2016 жылғы №3/83 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарыныӊ кезектен тыс сайлауына дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардыӊ Күнтізбелік жоспарына сәйкес ертеӊ, 2016 жылғы 20 ақпанда сайлау алдындағы үгіт басталады, ол 2016 жылғы 18 наурызда сағат 24-те аяқталады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ 20.01.2016 жылғы №3/82 қаулысымен бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы мәслихаттарыныӊ депутаттарын сайлау бойынша сайлау алдындағы үгіт 2016 жылғы 24 ақпанда басталады және 18 наурызда сағат 24-те аяқталады.

Сайлау алдындағы үгiт - бұл сайлаушылардыӊ белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет ("Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊныӊ 27-бабыныӊ 1-тармағы, бұдан әрі - Конституциялық заӊ).

"Конституциялық заӊныӊ 27-бабыныӊ 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгiт заӊнамада белгiленген тәртiппен және Конституциялық заӊда тыйым салынбаған сайлау алдындағы жария iс-шаралар (сайлаушылармен жиналыстар және кездесулер, жария пікір таластар мен пiкiр алысулар, митингiлер, шерулер, демонстрациялар және өзге де жария іс-шаралар) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Бұл ретте, Конституциялық заӊ бұқаралық ақпарат құралдарын кандидаттардыӊ сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға, кандидаттыӊ, саяси партияныӊ ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға мiндеттейді.

Саяси партиялардыӊ және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардыӊ сайлау алдындағы бағдарламаларында Республиканыӊ конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оныӊ тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заӊдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс (Конституциялық заӊныӊ 29-бабы).

"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊымен Интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылғанын атап өтеміз.

Сәйкесінше, Интернет желісіндегі сайлау алдындағы үгіт бұқаралық ақпарат құралдарына қойылған талаптар ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

Конституциялық заӊныӊ 28-бабыныӊ 9-тармағына сәйкес сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оныӊ ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудыӊ нақты тұжырымын, сұралғандардыӊ саны мен сұрау салу нәтижесініӊ қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiӊ болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.

Сайлау күнi дауыс берілетiн жайда қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.

Соӊғы кезде сайлау науқаны барысында жекелеген тұлғалармен әртүрлі Интернет-ресурстарда онлайн-дауыс берулер (онлайн-сұрау салулар) ұйымдастыру және олардыӊ нәтижелерін жариялау тәжірибеге алынғанын атап өту қажет.

Осындай әрекеттерде қоғамдық пікірге сұрау салудыӊ барлық белгілері бар болғандықтан оларға Конституциялық заӊныӊ 28-бабы 9-тармағыныӊ жоғарыда мазмұндалған талаптары теӊ өлшемде таралады.

Жариялы сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу кезінде жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар болып табылатын қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдіру орын алады.

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасыныӊ "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заӊымен (бұдан әрі - Заӊ) реттеледі.

Бұл Заӊ қоғамдық тәртіпті, тұрғындардыӊ денсаулықтары мен өмірлерініӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардыӊ құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталуына байланысты жаппай жария шаралар алдын ала ескертіп, жергілікті атқарушы органдарыныӊ рұқсатымен арнайы белгіленген жерлерде көлiктiӊ, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiӊ қалыпты жұмыс iстеуiне нұқсан келтіретін бөгеттерді жоя отырып өткізілуі тиіс.

Осыны ескере отырып, жабық ғимараттардан тыс жерлердегі Конституциялық заӊныӊ 27-бабы 3-тармағыныӊ 2-тармақшасында көрсетілген жариялы сайлау алдындағы іс-шаралар Заӊмен белгіленген тәртіпте өткізілуі тиіс.

Конституциялық заӊныӊ 27-бабыныӊ 9-тармағымен сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соныӊ iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеӊiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады.

Конституциялық заӊныӊ 27-бабыныӊ 1-тармағына сай шетелдіктердiӊ, азаматтығы жоқ адамдардыӊ, шетелдік заӊды тұлғалардыӊ және халықаралық ұйымдардыӊ кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттік органдар, шет елдердiӊ Заӊды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардыӊ қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады (Конституциялық заӊныӊ 33-бабыныӊ 3-тармағы).

Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды, сондай-ақ олардыӊ атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заӊды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады. Кандидаттыӊ, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияныӊ, сондай-ақ оныӊ сенiм бiлдiрген адамдарыныӊ осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тізімді тiркеу туралы шешімніӊ күшiн жоюға әкеп соғады (Конституциялық заӊныӊ 27-бабыныӊ 9-тармағы).

Конституциялық заӊныӊ 34-бабына сәйкес кандидаттыӊ сайлау алдындағы үгiтiн қаржыландыру сайлау қорлары қаражатынан жүзеге асырылады.

Бұл ретте, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардыӊ, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарыныӊ, қайырымдылық ұйымдарыныӊ, дiни бiрлестiктердiӊ, өздерiнiӊ жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заӊды тұлғалардыӊ ерiктi қайырмалдықтары, сондай-ақ жеке және заӊды тұлғалардыӊ анонимдiк қайырмалдықтары сайлау қорларыныӊ құралу көздері бола алмайды (тыйым салынады).

Сайлау науқанын сайлау қорларынан бөлек қаржыландыруға немесе кандидаттарға, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға өзге материалдық көмек көрсетуге тыйым салынады.

Дегенмен, Конституциялық заӊныӊ 28-бабыныӊ 1-тармақшасына сәйкес Конституциялық заӊға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.

Дей тұрғанымен, кандидатқа, саяси партияға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заӊды тұлғаларда Конституциялық заӊныӊ 28-бабыныӊ 7-тармағына сәйкес оныӊ осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс.

Сайлау болатын күнi және оныӊ қарсаӊындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (Конституциялық заӊныӊ 32-бабыныӊ 1-тармағы).

Сайлау болатын күні не оныӊ қарсаӊындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, депутаттыққа кандидаттарға, олардыӊ сенiм бiлдiрілген тұлғаларына сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру, кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудыӊ нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардыӊ абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау, шетелдiктердiӊ, азаматтығы жоқ адамдардыӊ, шетелдiк заӊды тұлғалардыӊ және халықаралық ұйымдардыӊ кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, сайлау алдындағы үгiтті, соныӊ ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргiзу шарттарын бұзу, анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату, үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру, сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету, жеке және заӊды тұлғалардыӊ кандидаттарға, саяси партияға олардыӊ жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi, сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу, үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады (Қазақстан Республикасыныӊ Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 11-тарауы).

Сайлау құқықтарын немесе сайлау комиссияларыныӊ жұмысын жүзеге асыруына кедергi жасау, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардыӊ немесе ұйымдардыӊ құқықтары мен заӊды мүдделеріне не қоғамныӊ немесе мемлекеттіӊ заӊмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 150, 274-баптары).

Жоғарыда келтірілген заӊнама нормаларын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы барлық жеке және заӊды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесі барысында, соныӊ ішінде сайлау алдындағы үгітті немесе жария іс-шараларды заӊсыз өткізуге жол бермеу бөлігінде заӊдылықты мүлтіксіз сақтауға шақырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны