18.12.2011, 17:24 3368

Бас прокуратура Жаңаөзен мен жақын жатқан аудандардың тұрғындарын жалған ақпарат пен арандатуларға берілмеуге шақырды

"ҚР бас прокуратурасы Жаңаөзен мен жақын жатқан аудандардың тұрғындарын жеке адамдардың арандату мақсатында таратып жүрген жалған ақпаратына берілмеуге, заңдылықты сақтауға шақырады", - деді ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков сенбі күні брифингте.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бас прокуратура Жаңаөзен мен жақын жатқан аудандардың тұрғындарын жалған ақпарат пен арандатуларға берілмеуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"ҚР бас прокуратурасы Жаңаөзен мен жақын жатқан аудандардың тұрғындарын жеке адамдардың арандату мақсатында таратып жүрген жалған ақпаратына берілмеуге, заңдылықты сақтауға шақырады", - деді ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков сенбі күні брифингте.

Құқық қорғау органдары тәртіпсіздіктерге белсенді қатысушылары мен ұйымдастырушыларының қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу, анықтау мен жазалау және қалада қоғамдық тәртіпті түгелдей қалпына келтіру жөніндегі барлық қажетті шараларды қолдануда.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қақтығысты құқық қорғау органдары араңдатқаны туралы, олар бұзақыларды тәртіпке мәжбүр ету мақсатында қару, түтіндету құтыларын және басқа арнайы құралдарды қолданды, сондай-ақ полицияның УАЗ көлігі митингке шыққан мұнайшылар тобына әдейі барып соқтығысты деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және анық жалған хабар болып табылады, деп хабарлайды бас прокуратура.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны