28.07.2008, 14:58 2621

Бас прокуратура жедел тексеруге жататындар ретінде іріктеп алған құрылыс компаниялары үлескерлердің жалпы 104 млрд.теңге қаражатын тартқан

Бас прокуратура жедел тексеруге жататындар ретінде іріктеп алған құрылыс компаниялары үлескерлердің жалпы 104 млрд.теңге қаражатын тартқан

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бас прокуратура жедел тексеруге жататындар ретінде іріктеп алған құрылыс компаниялары үлескерлердің жалпы 104 млрд.теңге қаражатын тартқан. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Құрылыс ұйымдарының көптігіне қарай прокуратура органдары олар жүргізіп жатқан құрылыстарда проблемалардың барлығын басшылыққа ала отырып олардың жедел тексеруге жататындарын іріктеп алды, деді ресми өкіл.

Атап айтқанда алғашқы тексерулер мынадай нысандарда жүргізілуде: құрылыс жұмыстары мүлдем жүргізілмеген; нысандарды тапсыру мерізімі жарты жылдан асып кеткен; - құрылыс мерізімі өтіп кеткен даярлығы төмен нысандар.

Барлығы 200-ден артық осындай объектілер бар екені анықталды. Оларды үлескерлердің жалпы сомасы 104 млрд.тенге қаражатын тартып 123 компания салуда. Проблемалы объектілердің ең көбі Астана және Алматы қалаларында, яғни - тиісінше 110 және 42 объект.

Бүгінгі таңда үлескерлердің қаражаттарын тартылған 80-нен артық құрылыс ұйымдары тексерілді.

Тексеріс барысында қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының көптеген талаптарын бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда: қызметтік лауазымын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау; ақша қаражатын мақсатсыз пайдалану; объектілерді құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізу құқығынсыз салу.

Жергілікті атқару органдарының мәліметтері бойынша прокурорлар республикада үлескерлікке 50 мың жеке және заңды тұлғалардың 231 млрд. теңге қаражатын тартып отырған 285 құрылыс ұйымдарының бар екенін анықтады. Бұл кәсіпорындар 407 нысанның құрылысын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны