29.09.2016, 13:56 3544

Бас прокурор Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Ақтөбе облысына барды

Бүгін Бас Прокурор Ж. Асановтыӊ аймақ жұртшылығымен, кәсіпкерлермен, студенттер және мектеп оқушыларымен кездесулері өтеді.

Астана.29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бас прокурор Жақып Асанов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасымен Ақтөбе облысына барды, деп хабарлады Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен Ақтөбе облысына аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін еліміздіӊ барлық орталық мемлекеттік органдарынан және мемлекеттік емес ұйымдардан 200-ден астам үздік мамандар келіп отыр", - делінген хабарламада.

Бүгін Бас Прокурор Ж. Асановтыӊ аймақ жұртшылығымен, кәсіпкерлермен, студенттер және мектеп оқушыларымен кездесулері өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны