15.04.2015, 15:15 3885

Бас Прокурордыӊ Сауд Арабия Елшісімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабия Карольдігініӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Горм бен Саид Аль Малханмен кездесті

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабия Карольдігініӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Горм бен Саид Аль Малханмен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастық мәселелерініӊ кеӊ ауқымды мәселелерін талқылап, еӊ алдымен, ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен күресу саласы мен құқықтық-шарттық базаны кеӊейту бойынша пікір алмасты.

А. Дауылбаев Сауд Арабия Елшісін ҚР Бас прокуратурасыныӊ негізгі қызмет бағыттарынан хабардар етіп, екіжақты, сондай-ақ көпжақты форматта халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеӊейту Қазақстан прокуратура органдары қызметініӊ басты бөлігініӊ бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол заӊдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі қадамдар туралы айтып, қылмыстық қудалауда адам құқығын қорғау прокурорлардыӊ ерекше назарында екендігін атап өтті.

Тараптар трансұлттық қылмысқа қарсы күрес Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Корольдігініӊ уәкілетті мемлекеттік органдары қызметініӊ басым бағыттарыныӊ бірі екенін, осы кездесудіӊ екі елдіӊ құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деӊгейге жеткізу жолындағы тағы бір маӊызды қадам болатындығын атап өтті.

Кездесу соӊында Елші еліміздіӊ қадағалау органыныӊ басшысына жоғары құрметін білдіріп, көрсетілген жылы қабылдауға және мазмұӊды сұхбатқа шын жүректен алғысын білдірді.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны