30.04.2014, 22:17 10505

"Бәсекелестік туралы" Заңға енген өзгертулер КО елдеріне тең мүмкіндік береді - Ғ.Оразбақов

Оның айтуынша, монополияға қарсы реттеу нормалары әмбебап және Кедендік одақ елдерінде бірдей деуге болады. Бар ерекшеліктері ұлттық экономика ерекшеілктеріне байланысты түрлі қасиеттерге ие.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Біз "Бәсекелестік туралы" Заңға алдын алу мен ескерту секілді ұғымдарды енгізуді ұсынамыз. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Ғалым Оразбақов мәлімдеді.

"Бүгінде агенттік бәсекелестікті қорғау шараларын қабылдауда. Бұл әсіресе интеграциялық процестер тұсына өте маңызды. Экономикалық интеграцияның кеңейтілуінің бір ерекшелігі нарық шекарасының кеңейтілуі мен сатып алушылар санының артуы. Осы орайда мемлекеттің міндеті Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру арқылы ынталандыру шараларын дайындау", - дейді Ғ.Оразбақов.

Оның айтуынша, монополияға қарсы реттеу нормалары әмбебап және Кедендік одақ елдерінде бірдей деуге болады. Бар ерекшеліктері ұлттық экономика ерекшеілктеріне байланысты түрлі қасиеттерге ие.

"Жалпы нарықта сөзсіз жетістікке жету жолында біздің ұлттық заңнамада "Бәсекелестік туралы" жаңа Заң моделінің қабылдануы керек. Бұл, біздің ойымызша, кәсіпкерлікке отандық кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік ашу жолын жеңілдетеді. Яғни біз баршаға ортақ нормалары қарастырылған "Бәсекелестік туралы" жаңа Заң дайындап шығарамыз. Мен бұл әдісті барынша әділ және либерал жол ретінде ұсынар едім", - дейді ол.

Ол мысал келтірді, "мәселен, қазір Заңды бұзған жағдайда бірқатар айыппұлдық санкциялар енеді. Біз бәсекелестік туралы Заңға тәртіп бұзушылық туралы хабарлау немесе алдын алу сынды ұғымды енгізуді ұсынып отырмыз".

"Алдын алу жұмыстары кезең бойынша жүзеге асады. Антимонополиялық құқық бұзушылық болмай тұрып, кәсіпкердің БАҚ арқылы бұқаралық шығуы заң бұзушылыққа әкеледі. Егер де кәсіпкер заңды бұзып, ол аса қатты шығын келтірмесе біз оны ескертеміз және тәртіп бұзушылықты жоюға шақырамыз. Ал, егер де ол ескертуге құлақ салмаса оған белгілі шаралар қолданылатын болады", - деді ол.

Г. Оразбақовтың айтуынша, бұл кәсіпкерлердің қаржылық шығынға түспеуін қарастырады.

Айта кетерлігі, отандық бизнеске бәсекелестік жағдайын туғызу үшін ЕАЭО ену үрдістері жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны