03.04.2008, 15:43 3364

Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтың ірі партиясы ұсталды

Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтың ірі партиясы ұсталды

Орал. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында Атырау-Орал тас жолының 372 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын автобус ұсталды, оның ішінен тиісті құжаттарсыз тасымалданған бекіре тұқымдас балықтың ірі партиясы табылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Батыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бекіре тұқымдас балықтың 105 килограмм салмағы бар ірі партиясын Батыс Қазақстан облысының Чапаево ауылының 38 жастағы тұрғыны әкеле жатқан.

Ақжайық АІІБ тергеу амалдарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны