30.06.2008, 16:51 6740

Батыс Қазақстан облысында жеке баспана құрылысын тұрғызуға жер телімдерін таратуда жаппай заң бұзушылықтар анықталды

Батыс Қазақстан облысында жеке баспана құрылысын тұрғызуға жер телімдерін таратуда жаппай заң бұзушылықтар анықталды

Орал. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы жеке баспана құрылысын тұрғызуға жер телімдерін таратуда жаппай заң бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық прокуратурадан хабарлады.

Батыс Қазақстан облыстық прокурорының аға көмекшісі Айгүл Жамансариеваның хабарлауынша, кейінгі мәліметтер бойынша 19 мыңнан астам адам кезекте тұр. Ал осыдан үш жыл бұрын кезекте тұрғандар саны 11 мың болған, оның айтуынша, осыншама сұранысты қанағаттандыру мүмкін емес, 2007 жылы тек 1321 адам жер телімімен қамтамасыз етілген. "Сол уақытта кейбір пысықайлар жерді кезектен тыс алып алған. Мұндай деректер Орал, Зеленовский, Бөрілі, Теректі аудандарында тіркелді", -деді ол.

"Бүгінгі күні жерге қатысты алыпсатарлық өршіп тұр. Жер ресурстарының тапшылығы жағдайында түрлі тұлғаларға тұрғын үй кешендерін салудың немесе саяжай шаруашылығын жүргізудің желеуімен ірі жер телімдері массивтерін бөлу және әріқарай оны бөлшектеп нарық бағасына саудалау оқиғалары тіркелуде. Тексеру нәтижелері бойынша бүгінгі күні прокурордың тексерулерінің қорытындысына сәйкес әзірге 22 жер телімі қайтарылды, бірақ бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда", - деді А. Жамансариева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны