06.07.2018, 14:31 4923

Батыс Қазақстан облысыныӊ Ішкі істер департаменті қару иелеріне ережені естеріне салады

Қарудыӊ иесі тұрғылықты жерін өзгерткен кезде қаруды ішкі істер органыныӊ есебінен шығарады және оны он күн мерзімде жаӊа тұрғылықты жері бойынша тиісті есепке қоюға, ал бір ауданныӊ не ауданға бөлінбейтін қаланыӊ шегінде тұрғылықты жерін өзгерткен кезде ол туралы аумақтық ішкі істер органына бес күн мерзімде хабарлау қажет.

Орал. 6 шілде. Kazakhstan Today - "Қазіргі уақытта пәтерлерден азаматтық қаруларды ұрлау фактілеріне байланысты, қару иелеріне төмендегідей ережені естеріне салғымыз келеді, деп хабарлайды БҚО ІІД.

"Қарудыӊ кейбір түрлерініӊ айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына сәйкес қарулар және олардық патрондары еденге немесе қабырғаға берік бекітілген темір жәшіктерде (сейф) сақталуы қажет, темір жәшіктіӊ есігі сенімді кілттенген, бөгде адамдардыӊ ашуға қолы жетпейтін болуы және қабырға қалыӊдығы 3 мм кем болмауы қажет. Қаруларды бөлмелердіӊ қабырғасына іліп қоюға жол берілмейді. Қаруларды қару иесі ұдайы тұратын жерлерден тыс жерлерде (саяжайларда, бағбандарда, гараждарда, сарайларда, шалаштарда және т.б.), сондай-ақ, уақытша вахталық үй-жайларда, туысқандары және таныстарыныӊ үйлерінде сақтауға қатаӊ тыйым салынады. Ұзақ уақыт іссапарларға немесе қару иесі әскери қызметке кеткен кезде қару тұрғылықты жері бойынша уақытша ішкі істер органдарына тапсырылуы қажет.

Қарудыӊ иесі тұрғылықты жерін өзгерткен кезде қаруды ішкі істер органыныӊ есебінен шығарады және оны он күн мерзімде жаӊа тұрғылықты жері бойынша тиісті есепке қоюға, ал бір ауданныӊ не ауданға бөлінбейтін қаланыӊ шегінде тұрғылықты жерін өзгерткен кезде ол туралы аумақтық ішкі істер органына бес күн мерзімде хабарлау қажет.

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2014 жылғы 17 сәуірдегі №363 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы қаулыда азаматтық және қызметтік қару иелеріне қару мен оныӊ патрондарыныӊ сақталуын қамтамасыз ету бойынша қосымша талаптар белгіленген.

Атап айтқанда қалалық елді мекендерде (республикалық, облыстық және аудандық маӊызы бар қалалар, сондай-ақ олардыӊ әкімшілік бағынысыныӊ аумағындағы кенттер) тұратын азаматтық қару иелері үшін қару сақталатын үй-жайларда пәтер ұрлығына уақтылы ден қоюға мүмкіндік беретін және қылмыскерлерді ұстауға ықпал ететін күзет жүйесініӊ бар болуы және пайдалану бойынша міндетті талаптар енгізілген.

Үй-жайларды күзетудіӊ, қадағалаудыӊ және бақылаудыӊ пульттік және автономды сигнализация сияқты (мысалы, GSM дабылы, мобильді оператордыӊ GSM желісін пайдалана отырып, дабыл сигналын қожайынныӊ ұялы телефонына не полицияға береді) заманауи жүйелерініӊ нарықта кеӊ таралғанын ескере отырып, азаматтық қару иелеріне осындай жүйелерді, сондай-ақ қару сақталатын бөлмені не сейфті сигнализациямен жабдықтауды таӊдау құқығы беріледі.

Қару ұрлығы мен оқыс оқиғалардыӊ алдын алу мақсатында Сіздерден тіркелген қару ережелерініӊ талаптарын қатаӊ сақтауын сұраймыз, делінген

Батыс Қазақстан облысыныӊ Ішкі істер департаменті таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны