08.10.2018, 12:51 4445

"Батыс" өӊірлік қолбасшылғы әскери бөлімдерінде әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру басталды

Белгіленген мерзімде әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсетіп, қару-жарақтыӊ жай-күйін тексеріп, анықталған ақаулықтарды жоюға тура келеді.

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарында қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөнінде ұйымдастыру жұмыстары өткізілуде. Белгіленген мерзімде әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсетіп, қару-жарақтыӊ жай-күйін тексеріп, анықталған ақаулықтарды жоюға тура келеді.

Құрамалар мен бөлімдерде барлық санаттағы әскери қызметшілермен жауынгерлік машиналар парктерінде маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ техникада жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде көрсетілімді сабақтар өткізілді. Дайындау және қызмет көрсету бойынша операцияларды орындалу технологиясы мен бірізділігі, жылдыӊ суық мезгілінде техника мен қару-жарақты пайдалану ерекшеліктері мен тәртібі толық зерделенді.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ материалдық-техникалық қамтамасыз ету Орталығыныӊ штаба бастығы подполковник Руслан Кубашевтіӊ айтуы бойынша: "Барлық әскери бөлімдер мен бөлімшелер алдын ала қажетті қосалқы бөлшектермен, аспаппен және жанар-жағармайдыӊ барлық түрлерімен қамтамасыз етілді. Берілген уақытта әскери қызметшілерге төмен салқындатқыш сұйықтықтарды, сүзгілеу элементтері мен тозығы жеткен резеӊке техникалық бұйымдарды, май мен майлағыштарды ауыстыру, тораптар мен механизмдерді ретке келтіріп, жөндеу қажет. Ирбір жауынгерлік машиналар паркініӊ аумағын тиісті жөнге келтіріп, сақтау орындарыныӊ, парктік үй-жайлардыӊ ағымдағы жөндеуін жүргізу, өндірістік жабдыққа қызмет көрсету де маӊызды жұмыстардыӊ бірі болып табылады".

Маусымдық жұмыстарды жүргізу кезінде жауынгерлік және арнайы техниканыӊ, сондай-ақ жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдердіӊ техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылатын болады.

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығы Басқармасыныӊ баспасөз қызметі

капитан Рустем Игисинов

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны