08.12.2023, 09:25 67976

Батыс Қазақстан облысында 253 млн. теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

Тексеру кезінде жер телімі жер заңнамасының талаптарын бұза отырып берілгені анықталған
Батыс Қазақстан облысында 253 млн. теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды
Сурет: gov.kz
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының прокуратурасымен мемлекет меншігіне 253 млн. теңге тұратын көлемі 332 гектар жер телімі қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Аудан прокуратурасының талап арызының қаралуымен мемлекет қорына шаруа қожалығын жүргізуге бөлінген 216 гектар жайылымдық жер қайтарылған.

Тексеру кезінде жер телімі жер заңнамасының талаптарын бұза отырып берілгені анықталған, сонымен қатар жер телімі өз мақсатында пайдаланылмаған.

Батыс Қазақстан облысының арнайы мамандандырылған экономикалық сотымен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылып, 2017 жылғы келісім шарт заңсыз деп танылды.

Облыстық соттың қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны