28.05.2019, 19:39 7682

Батыс Қазақстан облысында ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімі қызметкерлерінің парақорлық фактісі анықталды

Ұлттық бюроның ақпаратына сәйкес, олар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында ЖШС-ның кір жуатын орнының комиссиялық қарауына оң акті толтыру және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою үшін ЖШС директорынан 300 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Нұр-Сұлтан. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне түскен өтініш бойынша ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімінің тыл бойынша командир орынбасарының (майор) және аталған әскери бөлімнің мүлік қызметі бастығының (лейтенант) парақорлық фактісі анықталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының брифингінде айтылды.

Ұлттық бюроның ақпаратына сәйкес, олар алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында ЖШС-ның кір жуатын орнының комиссиялық қарауына оң акті толтыру және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою үшін ЖШС директорынан 300 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда.

Сот санкциясы бойынша командир орынбасарына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Кінәсін толық мойындауына байланысты мүлік қызметі бастығына қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, барлық өңірлерде іске асырылып жатқан "Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер" жобасы аясында қылмыстық істер қозғалып жатыр.

Жоба агенттік, облыстық әкімдіктер және бей-жай емес қоғам өкілдерімен бірлесіп іске асырылуда және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.

Жоба аясында сыбайлас жемқорлық фактілерін жасаған тұлғаларды қылмыстық қудалауға бағытталған шаралар да қабылдануда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны