24.05.2019, 21:38 8453

Батыс Қазақстан облысында ветеринарлық анықтама беру барысына қойлатын бақылау күшейтіледі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына базарларда ет алып сатушы жеке тұлғаларда мал дәрігерлік (ветеринарлық) анықтаманың болмауы себеп.

Орал. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Азық-түлік қауіпсіздігі, халықтың денсаулығын қорғау - "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің тұрақты бақылауындағы мәселелер. 2019 жылдың 22 мамырында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғали Есқалиевтің төрағалығымен жобалық кеңсенің отырысы өтіп, онда ветеринарлық-санитарлық бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы тапсырма жүктелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облыстық департаменті төрағасының орынбасары А.Жүнісов: "Орал қаласының ветеринария бөлімі қызметкерлерінің пара алу деректерін департамент жыл сайын әшкерелейді. Мәселен, 2017 жылы бөлім басшысы Лұқпанов пен бас маман Бекқалиев, 2018 жылы - бас маман Түркеев сотталды. Сонымен бірге ветеринариялық қызметтің жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен қала базарларында кәсіпкерлерден жүйелі түрде алым алу деректері әлі де жалғасып жатыр",- дейді.

2019 жылдың 16 мамырында соттың үкімімен "Орал қалалық ветеринария бөлімі" Мемлекеттік басқармасы басшысының орынбасары Ізтілеуовке мемлекеттік қызметте лауазымға тағайындалу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 332 500 теңге аайыппұл төлеу жазасы жүктелді. Оған Орал қаласының базарларына ауылшаруашылық малының сойылу дерегін растайтын мал дәрігерлік (ветеринарлық) анықтамасыз ет өнімдерін кедергісіз кіргізіп сату үшін бірнеше мәрте пара алу жөнінде айып тағылған болатын.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына базарларда ет алып сатушы жеке тұлғаларда мал дәрігерлік (ветеринарлық) анықтаманың болмауы себеп. Мал дәрігерлік (ветеринарлық) анықтаманы мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлер ауылшаруашылық малы арнайы мал сою бөлімдерінде сойылған жағдайда береді.

Алайда, Батыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында арнайы мал сою бөлімдерінің болмауына және олардың жұмыс істемеуіне байланысты жоғарыда аталған тұлғалар етті мал дәрігерлік (ветеринарлық) анықтамасыз сатып алып өткізуге мәжбүр болды, ал бұл ет өнімдерін мал дәрігерлік (ветеринарлық) анықтамасыз ішкі сауда нысандарына кедергісіз кіргізу және одан әрі сату үшін мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлерге пара беруге мәжбүр болуға жағдай тудырды, - деді "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мамандарының тұжырымдауынша, рұқсат беру бойынша кең ауқымды өкілеттіліктің болуы мен шенеуніктің кәсіпкерлермен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі сыбайлас жемқорлық үшін ыңғайлы ахуал тудырады. Тиісінше, базар сөрелеріне ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін өнім түсуі ықтимал.

Әлия Салиеваның айтуынша, жобалық кеңсенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тобы бейнекамералар мен бейнежетондарды пайдалана отырып мал дәрігерлік (ветеринарлық) анықтаманы беру барысының бейнетүсірілімен жасап отыру, су айырым белгілері бар анықтама беру секілді бұл саладағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің бірнеше жолын қарастырып отыр. Ветеринариялық бақылау саласындағы уәкілетті ұйымдар сыбайлас жемқорлық сипаттағы заң бұзушылықтарға алғышарт болатын жайттарды жою бағытында 22 мауысымға дейін шаралар қарастыруға тиіс.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны