16.11.2020, 19:04 8937

"Батыс" өңірлік қолбасшылығы заманауи әскери техникамен толығуда

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып әскерлердің ұтқырлығын қамтамасыз ету - басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің басты міндеті. Бүгінде олар әлемнің көптеген армияларының ажырамас бөлігіне айналуда.

Алматы. 16 қараша. Kazakhstan Today - "Батыс" өңірлік қолбасшылығы заманауи әскери техникамен толығуда.

Отандық өндіріс болып табылатын жаңа ПКСА-М әскери-бағдарламалық кешені "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басқару пункттерінің жұмысын автоматтандырумен қамтамасыз ететін болады.

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып әскерлердің ұтқырлығын қамтамасыз ету - басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің басты міндеті. Бүгінде олар әлемнің көптеген армияларының ажырамас бөлігіне айналуда.

ПКСА-M немесе автоматтандыру жүйелерінің далалық кешені - бұл отандық әскери-өндірістік кешеннің тағы бір жаңа өнімі. Ол стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық басқару пункттерінің жұмысын автоматтандыруға арналған және ақпараттық жүйелердің жұмысын, ақпаратты автоматтандырылған және автоматтандырылмаған режимдерде жинау, өңдеу, сақтау және беруді қамтамасыз етеді.

"Өнімнің құрамына спутниктік байланыс жүйесі енгізілген. Бұл кешен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолданыстағы спутниктік желілерімен үйлесімділікті қамтамасыз етуге қабілетті. Оның мәліметтер алмасу жылдамдығы 2 МБ / с дейін жетсе, антенна посты жабдығы минус 40 ° C-тан плюс 50 ° C-ге дейінгі температурасы аралылығында жұмыс істейді ", - дейді радио взвод командирі лейтенант Әділет Құрмашев.

Жалпы, кешен ақпараттық-технологиялық мәселелерді шешуге және әскерлерді басқаруға кең мүмкіндіктерге ие. ПСКА-М байланыс арналарын қабылдауға және жабуға (шифрлауға), деректерді ашық және жабық байланыс арналары бойынша беруге, кем дегенде 50 пайдаланушының қосылуымен жергілікті компьютерлік желіні орналастыруға қабілетті. Барлық қажетті ақпарат командалық посттың визуалдау құралдарында дереу көрсетіледі, принтерлерде және плоттерде басып шығарылады.

Аталмыш кешен ультра қысқа толқын диапазонында радиобайланысты қолдайды. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әскерлерді жауынгерлік әзірлікке шақыру туралы сигналдарды жедел қабылдауға, командалардың орындалуы туралы есеп беруге және командалық-басқару органдары, құрамалар мен бөлімдер арасындағы күштерді бөлу, сондай-ақ жауынгерлік тапсырмаларды құрастыру және олардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны