02.06.2020, 21:54 6516

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне 255 кіші маман қызметке кірісіп кетті

"Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне 255 кіші маман келіп, өз мамандықтары бойынша кіші командирлер ретінде қызметке кірісіп кетті

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan Today - "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне 255 кіші маман келіп, өз мамандықтары бойынша кіші командирлер ретінде қызметке кірісіп кетті.

Алты ай бойы Қазақстан Қарулы Күштерінің оқу орталықтарына шақыртылған әскери қызметшілер бірқатар мамандықтар бойынша оқыды. Олар байланыс маманы, пулеметші, зеңбірек командирі, миномет командирі, топографиялық түсірілім командирі, есептоп командирі, броньды техникалардың механик - жүргізушісі және жүрзізуші мамандықтарын оқыды.

Кіші мамандарды даярлау бойынша оқу орталықтарының түлектері дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік дайындық бойынша емтихандар тапсырып, курсты аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

"Әскери бөлімге келгеннен кейін, мамандар кәсіби даярлыққа дайындық бойынша тест тапсырып, жақсы білім деңгейлері мен машықтығын көрсетті. Болашақта біз осы көрсеткіштерді арттырып, жақсартуға мақсат қойып отырмыз", - деді майор теңіз жаяу әскері бригадасының тәрбие және идеологиялық жұмысары жөніндегі орынбасары майор Ерлан Нуралин.

Барлық іс-шаралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны