14.07.2009, 18:25 2802

Бейбіт Исабаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі болып тағайындалды

Бейбіт Исабаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісі болып тағайындалды

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Сағындықұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны