16.04.2025, 17:41 45491

Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ ұзындығы 768 шақырымды құрайтын "Талдықорған - Өскемен" және 363 шақырым болатын "Қарағанды - Балқаш" автожолдарын реконструкциялау, Сaspi Bitum жол битумын өндіру зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны