06.03.2024, 19:59 48601
Бектенов өндірістік өңдеу деңгейін арттыру қажет екендігін мәлім етті
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экспортқа бағдарланған өнеркәсіпті дамыту және Павлодар облысының кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкімет басшысы KSP Steel, "Қазақстан Алюминийі", "Қазақстандық электролиз зауыты", Ақсу ферроқорытпа зауыты және Ақсу электр стансасында болды. Бұл бизнес алыптары облыс экономикасына қомақты үлес қосуда.
Олжас Бектенов өңірге жұмыс сапары аясында мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлар, арматура және басқа да өнімдер шығаратын KSP Steel зауытының өндірістік цехтарына барды. Премьер-Министр технологиялық процестің ерекшеліктерімен және дайын өнімнің үлгілерімен егжей-тегжейлі танысты.
Бүгінгі таңда KSP Steel - 4,5 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болат балқыту секторындағы екінші маңызды кәсіпорын. Негізгі проблемалық мәселелердің бірі - зауыттың толық өндірістік қуатқа шығуы.
Премьер-Министр қазіргі уақытта Үкімет отандық өндірушілерді толық өндірістік қуатқа шығару үшін тиісті жағдай жасауға күш салып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, компания қажетті инвестицияларды сала отырып, өндірісті жаңғыртуы және тұтынушылармен тікелей оффтейк-келісімшарттар жасасуы тиіс.
Үкімет басшысы сондай-ақ әлемдегі жетекші алюминий өндірушілерінің бірі "Қазақстан Алюминийі" АҚ қызметімен танысты. Зауытта 30-дан астам металлургтер династиясы еңбек етуде. Кәсіпорын құрамында Павлодар тұрғындарының 40%-ын жылумен қамтамасыз етіп отырған жылу электр стансасы жұмыс істейді.
Олжас Бектеновтің айтуынша, қолданыстағы алюминий кластері тек өңір үшін ғана емес, бүкіл республика үшін үлкен маңызға ие.
Өндірістік өңдеу деңгейін арттыру және экологиялық талаптарды ескере отырып, кәсіпорынды техникалық жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру қажет", - деді Премьер-Министр.
Әрі қарай Үкімет басшысы отандық металлургия флагманы саналатын "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ қызметімен танысты. Кәсіпорын әлемдегі алюминий өндірісі алыптарының ішіндегі үздік ондыққа кіреді.
Олжас Бектенов қосылған құны анағұрлым жоғары отандық өнім шығарудың келешегі зор екенін, сондықтан ел ішінде қайта өңдеу дәрежесін арттыру қажеттігін атап өтті.
Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі саналатын Ақсу ферроқорытпа зауытында болып, Ақсу электр стансасының энергия блоктарын ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын көрді.
Қазіргі уақытта ферроқорытпа зауытында пештерді кезең-кезеңімен жөндеуді көздейтін цехтардың бірін жаңарту жобасы іске асырылуда. Нәтижесінде электр энергиясын тұтынуды 25%-ға дейін төмендетіп, пештің өнімділігін 35%-ға дейін арттыру күтілуде.
Бүгінде Ақсу электр стансасында энергия блоктарын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы еліміздің коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғыртуды жеделдету бойынша міндет қойған болатын. Осыған байланысты 700 мегаваттан астам қосымша генерацияны енгізу жоспарланып отыр
Өнеркәсіптік нысандарды аралаған Олжас Бектенов шикізатты одан әрі өңдеу бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ экономиканы индустрияландыру қарқынын қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.05.2024, 12:56 2331
Алматыда туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Биыл 15 мамырда Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында (Терренкурдың соңғы нүктесі) туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады. Жұмыс уақыты 10:00-ден 20:00-ге дейін, демалыссыз жұмыс істейді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл Алматыдғаы 9-шы жаңа туристік ақпараттық орталық болмақ. Визит нүктенің ерекшелігі, граффити элементтерін қолданатын заманауи дизайнда.
Ақпараттық орталықта қаланың көрікті жерлері туралы кәсіби кеңестер беріледі, саяхатшыларға карталар, нұсқаулықтар, маршруттар атластары мен өзге де қажетті материалдар беріледі.
Былтыр ақпараттық нүктелерге бару статистикасы шетелдік туристердің қалаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Өткен жылы Алматының ақпараттық нүктелерінде 21 391 шетелдік турист кеңес алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 80,3% артық. Ақпараттық нүктелердегі қызмет көрсету бойынша үздік 5 елге Германия, Үндістан, ҚХР, Ресей және Оңтүстік Корея азаматтары кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2024, 12:50 2306
Еліміздің туристік аймақтарында инфрақұрылым қамтамасыз етілетін болады
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралды. Өткен жылғы қыркүйектегі Президенттің халыққа арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ бұқаралық туризмді дамыту мен инвесторларды тартудың әлеуеті жоғары бірқатар өңірдің басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша туризм саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Қазақстанға 9,2 млн шетелдік келді, сондай-ақ отандық туристер саны 9,6 млн адамнан асты. Орналастыру орындары туристерге 230 млрд теңгенің қызметі көрсетіліп, қазына 450 млрд теңге салық түсімімен толықты. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылы 53%-ға артып, 787 млрд теңгені құрады. Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша салаға салынған инвестиция 3 есеге өсіп, 177 млрд теңгеге жетті.
Сонымен қатар Олжас Бектенов инвестициялар тарту деңгейінің төмендеуі тіркелген, туристік әлеуеті толық іске асырылмаған бірқатар өңірді атап өтті. Бұл - Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан және Жетісу облыстары. Олардың әкімдеріне инфрақұрылым мәселелерін кешенді түрде шешіп, қызмет көрсету сапасын түбегейлі жақсарту тапсырылды.
Бүгінгі таңда 82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады, 29 елге 108 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы жүзеге асырылады.
Алайда туристер ыңғайсыз демалыс орындары мен ондағы санитариялық талаптарға сай келмейтін қолайсыз жағдайларға мойынсұнуға мәжбүр. Сонымен қатар нарықта бәсекенің болмауы қызмет көрсету бағасының қымбаттауына алып келеді. Бәсеке жоқ жерде, сервис сапасы да ақсай беретіні анық.
Мұндай тәсілдер өзгермейінше, сыртқы туризм кеңінен танымал болып қала береді. Бұл ретте, Қазақстанның табиғаты мен әсем жерлері елімізде экологиялық, мәдени, зиярат ету және емдік-сауықтыру туризмін дамытуға зор мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Үкімет отырысында "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов пен Orient Finance Group компаниялар тобының өкілі Руслан Шаекин сөз сөйледі. Туризм инфрақұрылымын одан әрі дамыту және сервисті жақсарту мақсатындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл тетіктеріне назар аударылды.
Премьер-Министр мемлекет тарапынан туристік аймақтарда инфрақұрылым қамтамасыз етіліп, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалатынын атап өтті. Өз кезегінде бизнес тарапы туристік аумақтарды ұқыпты пайдалануды және қолайлы бағамен сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі керек. Бұл әуе және теміржол билеттерінің бағасына да қатысты. Шағын азаматтық авиация мүмкіндіктерін де туризмді дамытуға пайдалануға болады.
Ол үшін Көлік министрлігі инфрақұрылымды қайта қарап, әлеуетті инвесторларды тарту үшін тиісті жағдай жасауы тиіс. Сонымен қатар қауіпсіздік мәселелерін пысықтап, көршілес елдермен қатар алыс шетелдердің де тәжірибесін зерттеп көру қажет. Елімізде табиғи туристік аймақтар шалғай орналасқан, сондықтан шағын авиацияны дамыту өте өзекті болып табылады. Кішігірім ұшақтар мен тікұшақтарға бетон жолақтар қажет емес, шағын инфрақұрылым салса жетіп жатыр. Бұл біздің табиғи және тарихи аймақтарымыздың әлеуетін арттырып, турлардың жаңа пулын қалыптастыруға ықпал етеді", - деді Премьер-Министр.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, Көлік, Туризм және спорт министрліктері мен әкімдіктерге демалыс аймақтарындағы инфрақұрылым жобаларының аяқталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп, пойыздар санын көбейтіп, авиабилеттерге баға белгілеу мәселесін шешу тапсырылды.
Бұған қоса, Туризм және спорт министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, агро және экотуризмді дамыту мақсатында жаңа жобалар әзірлеу қажет. Сонымен қатар әкімдіктер жаңа дестинация орындары мен туристерді тарту мәселесін пысықтауы тиіс. Сондай-ақ Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерімен бірге туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын қамтамасыз етіп, саяхаттаушылардың қауіпсіздігі шараларын қабылдауы қажет. Өңір әкімдері туризм саласын дамыту мәселесін тікелей бақылауға алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2024, 12:39 2491
2025 жылға қарай Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындары таза ауыз сумен қамтылмақ
Достарға айту
2025 жылға қарай Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындары таза ауыз сумен қамтылмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы 2021 жылы өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында алдағы 5 жыл ішінде халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді жүктеген болатын.
Сол кезеңде Шығыс Қазақстанда тұрғындардың 97%-ы сумен қамтылған еді (722,7 мың адамның 682,2 мың адамы). Ауыртпалық негізінен ауыл тұрғындарына түсті. Себебі облыстағы 356 елдімекеннің 274-і немесе 77 пайызы ғана сумен қамтамасыз етілді: 205 ауылға су құбыры тартылды, 69-ына блокты-модульдік су тазарту станциялары орнатылды. Үш жылдың ішінде 68 ауыл сумен қамтамасыз етілді.
Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, бүгінде Шығыс Қазақстан халқының 99 пайызы таза ауыз сумен қамтылған. Бұл облыстағы 727,1 мың тұрғынның 719,6 мың адамы. Қалаларда халық таза ауыз сумен 99,9%, ауылдарда 97,2% қамтамасыз етілген.
Десек те, 19 елді мекендегі 7500 тұрғын таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Оның 587-сі қала тұрғындары, ал 6913 адам сумен қамтамасыз етілмеген 14 ауыл және су құбыры желілерін қайта жаңғыртуды қажет ететін үш елді мекенде тұрады.
2024-2025 жылдары халықты ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін облыста жалпы сомасы 17 468,9 млн.теңгеге (РБ - 14352,8 млн. теңге; ОБ - 3116,1 млн. теңге) 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде 3 жоба Өскемен мен Шемонаихада, 13 жоба ауылдық жерлерде жүзеге асырылады.
Биыл 8 жобаны аяқтау жоспарлануда. Ауылды жерлерде іске асырылып жатқан үш жоба облыстық бюджеттен 1,4 млрд теңге қосымша қаржыландыруды қажет етіп отыр. Атап айтқанда, Глубокое ауданының Малубинка ауылы, Алтай ауданындағы Малеевск ауылы және Шемонаиха ауданының Убинка ауылы.
Ағымдағы жылдың соңына дейін облыс тұрғындарының 99,4 пайызы сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізбек.
Облыстың 4060 тұрғынын сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2025 жылы аяқталатын 8 жобаның қатарына: 448 адамды қамтитын Өскемен қаласындағы Комсомольский ауылын қалпына келтіру, жалпы саны 386 адамды қамтитын Үлкен-Нарын және Катон-Қарағай ауылдарын қайта құру, Ұлан ауданы Отрадное ауылындағы (308 адам), Шемонаиха ауданының Березовка (282 адам) және Большая речка (381 адам) ауылдарындағы құрылыс жұмыстары кіріп отыр.
Сондай-ақ, Ұлан ауданының Асубұлақ (1633 адам) және Бозанбай (613 адам) ауылдарын қайта құру бойынша тиісті құжаттар әзірленуде.
Жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуді ағымдағы жылдың маусым айына дейін аяқтау жоспарларынып отыр. Осыдан кейін республикалық бюджетке өтініш жіберілетін болады.
Жұмыс жүйелі жүргізілуде. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударып, тиісті аудит жүргізіп, жалпы жағдайды жіті бақылауда ұстауды тапсырды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елді мекендердегі ауыз судың белгіленген нормаларға сәйкестігіне талдау жасайтын болады.
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы толық ақпарат тұрғындарға қолжетімді болу үшін облыс әкімдігінің сайтында жарияланады.
Сондай-ақ, облыс басшысы қалалар мен аудандарға жұмыс сапары аясында сумен жабдықтау және тазарту нысандарын өзі аралауды көздеп отырғанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2024, 12:33 3191
Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті белгілерден асып түсті: премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді
Достарға айту
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайы күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев айтып өткендей, қазіргі таңда еліміздегі су тасқыны жағдайы тұрақтанып келеді. Осы аптада Атырау облысында су тасқынының шарықтау шегі болады деп болжанып отыр. Бүгінде Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет кенттеріндегі су бекеттеріндегі қауіпті белгілерден асып түсті. Қазіргі уақытта өңірде аумаққа топырақ үю, құм толтырылған қапшықтарды төсеу, топырақтан біліктер салу және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еліміздің сегіз өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталуда. Ақтөбе облысындағы екі елді мекенде әлі де көлік қатынасы жоқ. Тұрғындар азық-түлікпен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Су басқан аймақтардан 119 мыңнан астам адам, оның ішінде 44 мың бала эвакуацияланды. Бүгінгі таңда 55,6 мың адам өз үйлеріне оралды. Әзірге эвакуациялау бекеттерінде 5 мыңға жуық азамат қалды.
Су тасқыны салдарынан елімізде 12 908 тұрғын үйді су басты, оның ішінде үш өңірде әлі 264 үй су астында қалып отыр. Сондай-ақ 18 025 саяжай үйі бар 25 921 саяжай учаскелері су астында қалды.
Бүгінгі таңда 20 600 отбасы 100 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем алды. Төленген қаражаттың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. 680 отбасына 362 млн теңге көлемінде келтірілген материалдық шығын өтелді.
568 отбасы 710 млн теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Өңірлерде келтірілген залалды бағалау және өтеу жұмыстары жалғасуда. Жағдай тұрақты бақылауға алынған.
Олжас Бектенов тиісті құрылымдарға тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Әсіресе, Жайық өзеніндегі қауіпті деңгейден асып кеткен Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды бақылауға алу керек.
Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуы тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін", - деп тапсырды Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Ақтөбе облысында 2 елді-мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ. Онда азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алу керек. Электр жарығынсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездету керек.
Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек", - деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2024, 18:00 28576
Үкімет балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов елімізде қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау үшін вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде уақытында екпе салынбай қалған 18 жасқа дейінгі балаларды иммундауға Үкімет резервінен 5 832 377 600 (бес миллиард сегіз жүз отыз екі миллион үш жүз жетпіс жеті мың алты жүз) теңге бөлінеді.
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген талдау нәтижесінде Қазақстанда екпе алмаған 800 мыңнан астам бала анықталды. Көкжөтел, дифтерия, А және В вирусты гепатиттері, қызылша, қызамық, сіреспе, полиомиелит, паротит және гемофильді инфекция сияқты қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы толықтыра иммундау жүргізіледі.
Қаражат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктеріне 747 720 доза вакцина мен 542 592 бірлік шприц сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аударылады. Ал Шығыс Қазақстан облысында балаларды қолда бар препараттар көлемі есебінен толықтыра вакциналау жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Соңғы 2 айда сырқаттанушылық деңгейі 32%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау аясында шамамен 1,3 млн адам екпе алды, бұл вакцина алуға жататын халықтың 91%-ын құрайды.
Сонымен қатар басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттанушылық жағдайларының артқаны байқалады. Мәселен, 2023 жылы көкжөтел бойынша кері динамика тіркелді, бұл ретте науқастардың 91%-ы - екпе алмаған балалар. Сондай-ақ қызамық, эпидемиялық паротит және А вирусты гепатитінде де өсім тіркелді.
Халық арасында қауіпті инфекциялармен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет басшысы Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге иммундауды уақытылы жүргізу мәселесін және әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ерекше бақылауға алуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2024, 17:50 29071
Қазақстанда жұмыссыздарға су тасқынынан зардап шеккендерге үй салу жөнінде ұсыныс жасалды
Достарға айту
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Бірге салайық!" атты жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру бойынша жобасына бастама жасады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады.
ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығы "Бірге салайық!" жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар.
Бұл жобаның маңыздылығы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысудамыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек", - деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды жобаға қатысуға және зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады!
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2024, 17:47 29421
Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі
Өткізілетін іс-шараларға байланысты кейбір көшелерде қозғалысты шектеу шаралары көзделген
Достарға айту
2024 жылғы 13 мамырда Лисаков қаласының аумағында "Деко" сауда орталығы сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін Лисаков қалалық терроризмге қарсы жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі, деп хабарлайды ҚР Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметінен.
Іс-шараның негізгі мақсаты террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың әрекет ету және өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау, сондай-ақ терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою болып табылады.
Өткізілетін іс-шараларға байланысты Комсомольская көшесі мен Сәтбаев көшесіндегі қозғалысты шектеу шаралары көзделген.
Лисаков қаласының тұрғындарынан сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз, сондай-ақ жақын арада осы аумақта болудан және жүруден бас тартуды сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.05.2024, 17:42 29656
СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 200 үйдің құрылысы басталды
Достарға айту
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Премьер-Министр Олжас Бектеновке Мемлекет басшысының су тасқынынан кейін тұрғын үйлерді, инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Солтүстік Қазақстан облысында инфрақұрылымды қалпына келтіру және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 4 мыңға жуық отбасыға жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Азаматтардың баспана мәселесін шешу бойынша шаралар кешені қабылдануда. Өңірде барлығы 3,8 мың үй су астында қалып, оның бүгінгі таңда 1,3 мыңы тексерілді.
Петропавл қаласының "Солнечный-2" ықшам ауданында бекітілген үш жоба бойынша 500 тұрғын үй салынады. Тиісті меморандум жасалып, қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізілді. Мәселен, "Қазақстан халқына" қорының қаражатына 100 үй салынып жатыр. "Kazakhmys" корпорациясы Қор арқылы тағы 100 үй сала бастады. Ірі панельді құрылысқа маманданған елордалық "GLB үй құрылысы комбинаты" зауыты "Kaspi" АҚ қаражатына 300 тұрғын үй салады.
СҚО тұрғындарына баспана сатып алу үшін жылжымайтын мүліктің бастапқы және қайталама нарықтары негізінде пәтерлер пулы жасақталды. Петропавлда алғашқы 7 пәтер сатып алынды, аталған жұмыс одан әрі жалғасады.
Ойқала ықшам ауданында және Былғары кентінде 26 үй мен 7 пәтерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жалпы алғанда, бүгінде ықшам аудандар мен ауылдарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 800-ден астам жұмысшы мен 400 бірлік техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов Премьер-Министрге өңірдің егіс науқанына толық дайын екендігін айтты. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4,5 млн га алқапқа егін егу жоспарда бар. Оның ішінде 3,4 млн га дәнді дақылдарға, 751 мың га майлы дақылдарға және 379 мың га мал азықтық дақылдарға бөлінеді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін СҚО шаруалары қарақұмық алқабын 26 мың гектарға дейін, жасымық алқабын 133,9 мың гектарға дейін ұлғайтады. Картоп егуге 26 мың га жер бөлінеді.
Техника 100% дайын. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының алқаптарына барлығы 12,7 мың трактор, 14 мың бірлік астық сепкіш және 1,4 мың егіс кешені тартылады. Осы жылы өңір шаруалары 14 млрд теңгеге 525 техника мен құрал сатып алып, автопаркті жаңартты.
Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 62 млрд теңге, оның ішінде "Кең Дала" бағдарламасы бойынша - 22 млрд теңге, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша - 14 млрд теңге, "ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша - 26 млрд теңге қарастырылған.
Үкіметтің шешімі бойынша облыс шаруаларын қолдауға қосымша 84 млрд теңге бөлінді. Фермерлерге "Кең Дала - 2" бағдарламасы бойынша, 5% пайыздық мөлшерлемемен және "Даму" қорының кепілдігімен несие беріледі.
СҚО әкімі Премьер-Министрге Мемлекет басшысының сапалы тыңайтқыштар өндіру және енгізу есебінен өнімділікті арттыру бойынша алға қойған міндеттерін орындау барысы туралы баяндады. Биыл облыс шаруалары топыраққа 256 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізуді жоспарлап отыр, бұл 2023 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 65,8 мың тоннаға артық. Бүгінгі таңда 246,2 мың тонна тыңайтқышқа шарттар жасалып, 204,6 мың тоннасы тиеп-жөнелтілді.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов зардап шеккен елді мекендердегі тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді, сондай-ақ өңірде егіс науқанын уақытылы әрі сапалы жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
14.05.2024, 12:33Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті белгілерден асып түсті: премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді 14.05.2024, 12:39 25062025 жылға қарай Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындары таза ауыз сумен қамтылмақ14.05.2024, 12:50 2316Еліміздің туристік аймақтарында инфрақұрылым қамтамасыз етілетін болады14.05.2024, 12:56 2086Алматыда туристер үшін жаңа ақпараттық орталық ашылады14.05.2024, 12:24 1101Алматы облысының түрмелерінде қамаудағылар онлайн-казино ойнап, несие рәсімдеді
10.05.2024, 13:16 97576Ағымдағы жылы елімізде 1,5 млн га жерге егін егілді10.05.2024, 13:14 97511Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрі ант берді10.05.2024, 13:12 97376Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын10.05.2024, 13:05 97191Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді10.05.2024, 13:02 91871Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды
24.04.2024, 18:17 156946Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 155241Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 152226Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 149381ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды24.04.2024, 18:19 131281Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады