08.07.2015, 19:55 3627

Белгі бойынша Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірілді

Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтіӊ жоспары бойынша әскери басқару органдары мен Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскерлері кенеттен тексеру форматында жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірілді.

Астана. 08 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтіӊ жоспары бойынша әскери басқару органдары мен Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскерлері кенеттен тексеру форматында жауынгерлік әзірліктіӊ жоғары дәрежесіне келтірілді. Оқу дабылыныӊ белгісі бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерініӊ, өӊірлік қолбасшылық әскерлерініӊ, әскер тектері мен түрлерініӊ барлық жеке құрамы көтерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарулы Күштер топтамасын жалпы басшылыққа алу Стратегиялық басқару орталығынан ҚР ҚК Бас штабыныӊ бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовпен жүзеге асырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бас штабтыӊ пәрмені бойынша Құрлық әскерлерініӊ топтамасы оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кірісті. Бұл ретте 3 000 бірліктен астам қару-жарақ пен әскери техника тартылды.

Иуе қорғанысы күштерініӊ құрамынан әуеге жауынгерлік кезекшілікті атқаратын күштер мен құралдар көтерілді, әртүрлі типтегі авиациялық техниканы іске қосу жүзеге асырылды, пайдалануға қосалқы әуеайлақтар дайындалды.

Корабльге қарсы, әуе шабуылына қарсы және суастыға қарсы диверсиялық қорғаныс бойынша оқу тапсырмаларын пысықтау үшін теӊізге Искери-теӊіз күштерініӊ корабльдері шығарылды.

Өткізілетін сабақтардыӊ басты мақсаты белгіленген мерзімде қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауда басқару органдары мен жеке құрамныӊ іс-қимылдарыныӊ үйлесуін арттыру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны