27.07.2016, 16:49 3742

Биыл Алматы облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеӊберінде 40 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Алматы облысында «Жұмыспен қамтудыӊ 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасыныӊ жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 4,8 млрд. теӊге бөлінді.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan today. 2016 жылы Алматы облысында "Жұмыспен қамтудыӊ 2020 жол картасы" (бұдан әрі - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасыныӊ жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 4,8 млрд. теӊге бөлінді. Осы қаражат есебінен 40 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оныӊ 33-де күрделі жөндеу, 7-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жөнделетін ғимараттардыӊ 15 - білім беру, 4 - денсаулық сақтау, 1 - дене шынықтыру, 5 - коммуналдық-инженерлік, 4 - транспорттық, 10 - абаттандыру, 1 - мәдениет нысаны болып табылады.
Инфрақұрылымдық жобалардыӊ іске асырылуы 1 мыӊ 843 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оныӊ ішінде 942 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.
Бүгінгі күні 33 жобаныӊ іске асырылуы басталды, оныӊ шеӊберінде 811 адам жұмысқа тұрды, олардыӊ ішіндегі 488 адам - "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысушылар.
2015 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теӊге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мыӊ адам жұмысқа орналастырылғанын естеріӊізге саламыз. 2016 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теӊге бөлінді. Бұл қаражат жобалардыӊ саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардыӊ тапсырыстары негізінде өӊірлер арасында бөлінеді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны