08.09.2006, 15:55 2889

Биыл Қазақстанда 15-16 млн. тонна түсім жиналады - мемлекет басшысы

АҚТӨБЕ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Ақтөбе облысына жұмыс сапарының екінші күні елімізде биыл 15-16 млн. тонна түсім жиналатынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Биыл Қазақстанда 15-16 млн. тонна түсім жиналатыны қуанарлық жайт",- деді президент. Мемлекет басшысы Ақтөбеліктерді астық кластерін құруға шақырды. "Мен астық кластері құрылып жатқан Солтүстік Қазақстан облысынан келдім. Ақтөбе де осыған талпынуға тиіс",- деді президент.

АҚТӨБЕ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Ақтөбе облысына жұмыс сапарының екінші күні елімізде биыл 15-16 млн. тонна түсім жиналатынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биыл Қазақстанда 15-16 млн. тонна түсім жиналатыны қуанарлық жайт",- деді президент.

Мемлекет басшысы Ақтөбеліктерді астық кластерін құруға шақырды. "Мен астық кластері құрылып жатқан Солтүстік Қазақстан облысынан келдім. Ақтөбе де осыған талпынуға тиіс",- деді президент.

Ақтөбе облысынан келмес бұрын Елбасы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында болды. "Президент сайлауынан кейін бір жыл уақыт өтті. Қазір мен осы уақыт ішінде қандай өзгерістер болғанын көру үшін облыстарды аралап жүрмін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жалпы алғанда мемлекет басшысы көріп көзайым болған дүниелеріне көңілі толатынын жеткізді. "Ақтөбе облысы байи түсуде, мұндай жағдай бүкіл Қазақстан көлемінде байқалып отыр",- деді Н.Назарбаев. Елбасы тұрғын үй құрылысы саласындағы өсімді мысалға келтірді. "Жаңа ғана мен жуырда мемлекеттік бағдарлама аясында пайдалануға берілген коттеджде болдым. Адамдардың ипотекалық бағдарлама аясында тек көп қабатты үйлердегі пәтерлерге ғана емес, сонымен бірге осындай жеке меншік жайлы үйлерге де қол жеткізіп жатқаны қуантады",- деді президент. "Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің санатына қосуға бағытталған индустриялық бағдарламаның жүзеге асып жатқаны мені қуантады",- деді Н.Назарбаев.

Жеке меншік үйлерден құралған "Көктем" атты коттедж қалашығы аумағында президентпен кездесу өтіп, оған 1 мыңдай ақтөбеліктер келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны