12.03.2009, 19:08 2932

Биыл мамыр айында Қазақстан мен Сауд Арабиясы кәсіпкерлерінің арасындағы іскерлік кеңес өтеді деп жоспарланған

Биыл мамыр айында Қазақстан мен Сауд Арабиясы кәсіпкерлерінің арасындағы іскерлік кеңес өтеді деп жоспарланған

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Биыл мамыр айында Қазақстан мен Сауд Арабиясы кәсіпкерлерінің арасындағы іскерлік кеңес өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Сауд Арабиясы Корольдігінің экономика және жоспарлау министрі Халеда Бен Мұхаммед әл-Кусебидің кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың келешектегі бағыт- бағдары туралы әңгіме өрбіді.

Атап айтқанда, экономиканың түрлі салаларында - мұнай-газ секторы мен ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктері талқыланды.

Сонымен қатар, үкіметаралық комиссия жұмысының аясында биыл мамыр айына жоспарланып отырған Қазақстан мен Сауд Арабиясы кәсіпкерлерінің арасындағы іскерлік кеңес тақырыбына назар аударылды.

Кездесу соңында Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің арасында жан-жақты ынтымақтастықтың әрі қарай да дәйекті дамитынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны