26.05.2015, 15:35 4278

Биылғы көктемде су тасқыныныӊ өршуі су толған аумақтыӊ ауқымы және алаӊы, еріген қар суыныӊ көлемі бойынша соӊғы бес жылдағы ұқсас жағдайлардан асып түседі.

Ақпан және наурыз айларында "Қазгидромет" РМК болжамды жариялап, соған сәйкес Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында топырақтыӊ күзгі ылғалдануы, өзендер бассейндеріндегі қар қорыныӊ болуы көрсеткіштері 30-40%-ға артқан, ал су толу кезеӊінде Есіл, Сілеті, Шағалалы Нұра, Шерубай-Нұра өзендері суыныӊ арнасынан асуы күтілуде

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - Ақпан және наурыз айларында "Қазгидромет" РМК болжамды жариялап, соған сәйкес Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында топырақтыӊ күзгі ылғалдануы, өзендер бассейндеріндегі қар қорыныӊ болуы көрсеткіштері 30-40%-ға артқан, ал су толу кезеӊінде Есіл, Сілеті, Шағалалы Нұра, Шерубай-Нұра өзендері суыныӊ арнасынан асуы күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ішкі істер министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп су тасқынына дайындық бойынша жеткілікті көлемді шаралар кешенін, оныӊ ішінде ведомствоаралық мемлекеттік комиссияныӊ екі, ТЖ аумақтық комиссиясыныӊ 89 отырысын өткізді, 72 шақырым қорғау бөгені салынды және 107 қолданыстағы қорғау бөгеніне жөндеу жүргізілді, өзендер арналарыныӊ 78 шақырымыныӊ жағалауын нығайтты, түбін тереӊдетті, 1 584 шақырым арықты және 554 шақырым каналды, 729 бірлік су өткізу құбырын тазартты. Елді мекендерден 9,1 млн. м3 астам қар шығарылды. ЖЖМ, инертті материалдар, құм салынған қап және жарғыш заттар қоры жасалды. Өзендерге 217 қосымша бақылау бекеті қойылды.

Илемдік тәжірибе және Қазақстанныӊ тәжірибесі көрсеткендей төтенше жағдайлардыӊ алдын алу іс-шараларын өткізуге салынған қаражат оларды жоюға және қалпына келтіруге қаражатты үнемдейді. Тұтастай алғанда су тасқынынан елді мекендерді қорғау күрделі инженерлік қорғау құрылыстарын салу үшін жоспарлы және алдын ала дайындық жұмыстарды талап етеді.

Бұл туралы Сырдария өзеніндегі су тасқынынан елді мекендерді қорғау тәжірибесі куәландырады.

Мәселен, Президенттіӊ нұсқауы бойынша салынған Көксарай су реттегіші Оӊтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы Сырдария өзенініӊ бойындағы елді мекендерді су тасқынынан тек қорғап қана қоймай, соӊғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығын жүргізушілердіӊ қажеттіліктері үшін таза тасқын суды жинауға мүмкіндік берді.

Астананы су тасқынынан қорғау үшін 2010 жылы Президенттіӊ тапсырмасы бойынша салынған Есіл өзенініӊ тасқын суы басуынан Астана қаласын қорғау кешені (Астана су реттегіші) пайдалануға берілді. Міне үш жыл бойын онда Астана (Вячеслав) су қоймасынан артық ағызылған тасқын су жиналады, осылайша Астананыӊ оӊ жағалауы су басудан қорғалады. Тек 2015 жылы оған 216,2 млн. м3 су келіп құйылды.

Ағымды жылғы су тасқынына дайындалу мақсатында "Су тасқынына әзірлігі туралы" Ішкі істер министрініӊ 2015 жылғы 3 наурыздағы бұйрығына сәйкес ІІМ-ніӊ саны 8561 адамнан тұратын бөлімшелері және ІІМ 1 255 бірлік техникасы, 9 тікұшағы және 211 бірлік жүзу құралдары (оныӊ ішінде Ұлттық ұланнан 2585 адам және 260 бірлік техника, ІІД жеке құрамыныӊ 760 адамы және 79 бірлік техника) шұғыл ден қоюға әзірлікке келтірілді. Жергілікті атқарушы органдарға су тасқындарына дайындық бойынша міндеттер қойылды.

Өӊірлердіӊ су тасқынына әзірлігі 12-13 наурыз аралығында жүргізілген "Көктем-2015" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында тексерілді, онда оған авариялық құтқару қызметтерініӊ 12 мыӊнан артық бөлімшесі, 162 мыӊ адам, 25 мыӊ бірлік техника жұмылдырылды.

Су тасқыны жағдайыныӊ күрделенуіне байланысты 2015 жылғы 7 және 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Мнистрініӊ Бірінші орынбасары Б.И. Сағынтаев орталық және жергілікті атқарушы органдардыӊ басшыларымен селекторлық кеӊес өткізді, онда су тасқыныныӊ бірінші толқыныӊ салдары қаралып, халықты қорғау бойынша шұғыл шаралар қолдануға нақты тапсырмалар берілді.

Алдағы бірден күнніӊ жылынуы туралы болжамдық деректерді есепке ала отырып, ағымдағы жылғы 7 сәуірден бастап, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында Астана және Алматы қалаларынан, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Оӊтүстік Қазақстан облыстарынан келген жедел-құтақру бөлімшелері, өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтері, Ұлттық ұлан Азаматтық қорғанысыныӊ әскери бөлімдері есебінен жалпы саны 601 адаммен, 102 бірлік техникамен, 39 жүзу құралымен, 25 мотопомпамен ІІМ құтқару топтары күшейтілді.

Ағымдағы жылғы су тасқыныныӊ басталмас бұрын алдын ала қауіп төнген аумақтарда 2813 адамнан тұратын және 529 бірлік техникасы бар, қосымша жүзу құралдарымен және су сору құрылғыларымен жарақталған ІІМ күштері мен құралдарыныӊ топтамалары құрылды.

Күштер мен құралдар топтамалары ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтарымен күшейтілген (Қарағанды және Петропавл - КА-32, Астана - 2 МИ-26, Ми - 171, ЕС-145, Көкшетау - ЕС-145). Ұлттық ұланныӊ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде эвакуацияланған халықты орналастыру үшін 3 мыӊ адамға арналған 3 лагерь әзірлікке келтірілді.

Осылайша, күздегі артық ылғалдануы және қыста топырақтыӊ тереӊ қатуы салдарынан артық қар қоры және күндізгі және түнгі ауа температурасыныӊ күрт көтерілуіне байланысты, яғни топырақ өзіне көп мөлшерлі еріген қар суын сіӊіре алмады.

Мәселен, Нұра және Шерубай-Нұра өзендері арқылы тасқын су көлемі 289 млн м3 көп емес болғанда қалыпты деп саналады, сонда қалай биылғы жылы бұл цифр 1 млрд м3 астам суды құрады, мұндай жай өзенніӊ 1943 жылдан бастап мониторингініӊ тарихында болмаған. Бұл ретте негізгі су көлемі 4-5 тәулікте Шерубай-Нұра және Самарқанд су қоймалары арқылы өтті. Мысалға, сәуірдіӊ басында Астананыӊ жанындағы Преображенский гидроторабы арқылы 3,5 м3/сек шығыстарымен су өтті, онда 18 сәуірде 2345 м3/сек - айрықша су көлемі қалай тіркелген.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарыныӊ аумақтарыныӊ шынында аз көлемі су басуға ұшырады.

Жалпы күрделілікте тасқын сулар Қазақстанныӊ 5 облысында 88 елді мекенніӊ, 26 ауданы мен 7 қаласын басып қалды. Зілзала ықпалыныӊ салдарынан су тасқыныныӊ басынан бастап, 3067 үйді су басты, соныӊ ішінде 198 қирады, автомобиль жолдарыныӊ 243 учаскесін су басып, 20 көпірді су шайып кетті.

Төтенше жағдайлар аймағынан алдын ала 18 мыӊға дейін адам эвакуацияланып, 470 адам құтқарылды. Бұл ретте, кейбір өӊірлерде автокөліктермен қатар теміржол көлігі де жұмылдырылды. Мәселен, 12 сәуірде автожолды су шайып кету салдарынан Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданыныӊ Сарытөбе кентініӊ 390 тұрғыны Көкпекті кентініӊ Көкпекті орта мектебінде уақытша орналастыру пунктіне дейін пойызбен эвакуацияланды.

Ішкі істер министрлігініӊ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардыӊ күштері халықты уақытында су тасқыныныӊ ықтимал қатері туралы құлақтандыруды жүргізді. Халыққа сондай-ақ смс-хабарлама тарату жолымен хабар берілгенінде айта кету қажет.

Сондай-ақ қатерлі жағдайда азаматтарға дейін малдарды қырға айдау, азық-түлік тауарларын сақтап қалу жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ақпарат жеткізілді. Осылай барлығы 43 мыӊ бас ауыл шаруашылық малдарын қауіпсіз орынға айдалды.

Тікелей төтенше жағдайлар аймақтарында 49 шақырым уақытша қорғаныш бөгендері тұрғызылды, 3221 метр бөгет бойы және 215 су шайған автожолдар учаскесі қалпына келтірілді, 199 мыӊнан астам топырақ салынған қап төселді, 3,2 млн. м3 артық еріген қар суы сорылды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 6359 адам, 1736 бірлік техника және 115 жүзу құралы, 120 су соратын құрылғы, оныӊ ішінде басқа өӊірлерден 601 адам, 102 бірлік техника, 35 жүзу құралы және 25 мотопомпа жұмылдырылды.

Министрлік халыққа шұғыл медициналық, психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында Ақмола, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында "Қауырт желі" жұмысын ұйымдастырды. Барлығы 398 қоӊырау өӊделді.

Шұғыл ден қою бригадалары мен медициналық-психологиялық көмек топтары 307 зардап шеккенге (соныӊ ішінде 19 бала) медициналық көмек және 327 зардап шеккенге психологиялық көмек (соныӊ ішінде 51 бала) көрсетті, 26 адам ауруханаға жатқызылды (соныӊ ішінде 4 бала).

ІІМ ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшақтарын қолдана отырып, қалыптасқан жағдайды шынайы бағалау мақсатында су басқан облыстарды бойлау ұшу тұрақты жүргізіліп отырды. Бұдан басқа су тасқыны жағдайлары ахуалын бағалау үшін жерді қашықтықтан зондтаудыӊ қазақстандық спутниктерініӊ түсірілімдері пайдаланылды.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ өкімімен Ақмола және Қарағанды облыстарында өӊірлік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Қарағанды облысыныӊ 9 ауданы мен 2 қаласында тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу үшін Үкіметтіӊ төтенше резервінен 1 млрд. теӊге мөлшерінде қаржы қаражаты бөлінді.

Министрлік бөтенше жағдайлардыӊ алдын алу және жою бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу және Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарына және Астана қаласына эвакуацияланған тұрғындарға тіршілікті қамтамасыз етуге қажетті жағдай жасау мақсатында Мемлекеттік материалдық резервтен 7 бірлік экскаватор, 6 бірлік бульдозер, 7 бірлік вахталық автомобиль, 5 бірлік тартқышы бар трейлер, 19 бірлік мотопомпа, 50 қысқы шатырлар, 200 төсек-орын жабдығымен бірге кереует, 3 "Таза Су-М" жылжымалы қондырғысы, 5 далалық ас үй, 50 жылыту пештері мен басқа да тұрмыстық керек-жарақтар броньнан шығарылды.

20 сәуірден бастап елді мекендерде, өзендерде, оныӊ ішінде Нұра өзенінде еріген қар суыныӊ қайтуыныӊ оӊ қарқыны байқалды.

Қазіргі уақытта облыстарда келтірілген нұқсанды бағалау бойынша комиссия жұмыс жасауда, жылу жинау бойынша қайырымдылық қорлары құрылды.

Бүгінгі күні Ақмола облысында 12 үй су астында қалып отыр, 17 213 адам тұрғылықты жеріне оралды.

Қазіргі уақытта қалыпты тіршілікті қамтамасыз етуді қалпына келтіру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.

Осылай бүгінгі күнге жай-күйі бойынша 4 537 аула аумақтары тазаланды және 16,4 мыӊ тонна қоқыс шығарылды. 3 297 мыӊ м3 су сорылды.

Қазіргі кезде 2989 үй тексеріліп және олардыӊ:

- 358 ағымдағы жөндеуді қажет ететіні (60 қайта жөнделді);

- 332 күрделі жөндеуді талап ететіні (0 қайта жөнделді);

- 198 қираған және 676 үй авариялық жағдайда екені анықталды.

626 үй бұзуға жатады, соныӊ ішінде 93 бұзылды. Жаӊа үйлер салуға 70 құрылыс алаӊдары дайындалды, солардыӊ 16-да жұмыс басталып кетті.

Телефон байланысынсыз қалған 1971 үйдіӊ 1787 абонентіне байланыс қалпына келтірілді.

6 289 электрмен жабдықтаусыз қалған абоненттердіӊ 6 262 қалпына келтірілді.

зардап шеккендерге 602 медициналық және 863 психологиялық көмек көрсетілді.

Барлық кезеӊде 24 056 адам үш мезгіл тамақтандырумен қамтамасыз етілді.

20 488 адамға 446,5 тонна көлемінде киім, аяқ киім, тамақ өнімдері мен тұрмыстық керек-жарақатар түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта облыстарда келтірілген нұқсанды бағалау бойынша комиссия жұмыс жасауда, жылу жинау бойынша қайырымдылық қорлары құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны