27.02.2018, 17:42 5195

Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тізімі бойынша 151,59 млрд. теӊгеге дәрі-дәрмектіӊ 1037 атауы сатып алынған

2018 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тізімі бойынша 151,59 млрд. теӊгеге дәрі-дәрмектіӊ 1037 атауы сатып алынған. Бұл медициналық ұйымдардыӊ жалпы қажеттілігініӊ 88%-н құрайды (оныӊ ішінде АДҚ қажеттілігі - 85%)

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тізімі бойынша 151,59 млрд. теӊгеге дәрі-дәрмектіӊ 1037 атауы сатып алынған. Бұл медициналық ұйымдардыӊ жалпы қажеттілігініӊ 88%-н құрайды (оныӊ ішінде АДҚ қажеттілігі - 85%).

2018 жылға сатып алу кезіндегі үнемдеу қазірдіӊ өзінде 17 млрд. астам теӊгені құрады, ал жыл соӊына дейін бұл сан едәуір өсетін болады. Үнемделген қаржы қосымша дәрі-дәрмек сатып алуға бағытталатынын айта кетпекпіз.

2018 жылға Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тізімінде барлығы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 1192 атауы бар. Олардыӊ ішінде 1002 атау стационарлық көмекке арналған, ал амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін - 494 атау (304 позиция стационар/АДҚ үшін де тоғысады).

Бірыӊғай дистрибьюторға тәуелді емес себептер бойынша, дәрілік заттар атауыныӊ барлығы бірдей алғашқы реттен-ақ сатып алынған жоқ. Бірыӊғай дистрибьютормен 90 күндік қажеттілікті қамтамасыз ету үшін бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімдері үш рет жарияланды. Жылдық және тоғыз айлық қажеттілікті сатып алуға тендер рәсімдері төрт рет жарияланды. Қазіргі сәтте АДҚ шеӊберінде 58 позиция сатып алынған жоқ.

Кеш сатып алынғандықтан (қорытындысы қаӊтар-ақпан айларында шығарылған), сатып алынған 78 атаудыӊ ішінде жеткізілімдер былайша жоспарланып отыр: 25 атау бойынша - 25 ақпанға дейін, 23 атау бойынша - 12 наурызға дейін, 40 атау бойынша - 25 наурызға дейін. Қазақстанға ЮНИСЕФ және БҰҰДБ арқылы жеткізілетін тағы 15 атау "СҚ-Фармация" ЖШС қоймаларына 2018 жылғы мамырда жеткізіледі. Бұдан басқа, бүгінде өнім берушілерден Бірыӊғай дистрибьютор қоймасына 38 ДЗ жеткізу кешіктіріліп отыр. Оныӊ көп бөлігі 10 наурызға дейін жеткізіледі деп күтілуде.

Қазір БД қоймаларында ДЗ және ММБ 934 атауы бар, ол барлық сатып алынған препараттардыӊ 90%-н құрайды, оныӊ ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларда ДЗ және ММБ 361 атауы бар және медициналық ұйымдарға жөнелтілуде.

Ағымдағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша жалпы сомасы 13 106,9 млрд. теӊгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жөнелту жүзеге асырылған, оныӊ ішінде:

Астана қаласыбойынша -28 медициналық ұйымға 1 362,6млн. теӊге сомасына,

Алматы қаласы бойынша - 60 медициналық ұйымға 1 289,60 млн. теӊге сомасына,

Маӊғыстау облысы бойынша - 15 медициналық ұйымға 339,1 млн. теӊге сомасына,

Ақтөбе облысы бойынша - 30 медициналық ұйымға 839,6 млн. теӊге сомасына,

Қостанай облысы бойынша 809,0 млн. теӊге сомасындағы дәрі-дәрмекті босату дәріханалар желісі арқылы және 5 медициналық ұйымда жүргізіледі,

СҚО бойынша - 21 медициналық ұйымға 564,4 млн. теӊге сомасына,

БҚО бойынша 485,7 млн. теӊге сомасындағы дәрі-дәрмекті босату дәріханалар желісі арқылы және 5 медициналық ұйымда жүргізіледі,

ОҚО бойынша дәрі-дәрмекті босату дәріханалар желісі арқылы жүргізіледі, жөнелтілім 726,6 млн.теӊге сомасында жүзеге асырылған,

Атырау облысы бойынша - 22 медициналық ұйымға 475,1 млн. теӊге сомасына,

Ақмола облысы бойынша - 28 медициналық ұйымға 540,8 млн. теӊге сомасына,

Қарағанды облысы бойынша -47 медициналық ұйымға 1 523,8 млн. теӊге сомасына,

Қызылорда облысыныӊ 21 медициналық ұйымына 633,4 млн. теӊге сомасына,

ШҚО 69 медициналық ұйымына 1 464,90 млн. теӊге сомасына,

Жамбыл облысында дәріханалар желісі арқылы 683,8 млн. теӊге сомасына,

Павлодар облысында 30 медициналық ұйымға 482,2 млн. теӊгесомасына,

және Алматы облысыныӊ 33 медициналық ұйымына 886,2 млн. теӊгесомасына.

Қазіргі сәтте қолда бар препараттар бойынша мәлімделген қажеттіліктіӊ 80%-ын жөнелту жүзеге асырылған. Ақпан айыныӊ соӊына дейін барлық қолда бар дәрі-дәрмек атаулары бойынша медициналық ұйымдардыӊ қоймаларға келіп түскен атаулар бойынша қаӊтар және ақпандағы қажеттілігі толықтай жабылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны