16.03.2026, 09:36 1091

Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

Бірінші exit poll нәтижесі: референдумда халықтың 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Exit poll нәтижесінде қазақстандықтардың 86,7%-ы референдумда жаңа Ата Заңның жобасын қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Еуразиялық интеграция институтының мәліметіне қарағанда, Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында референдум учаскелерінен шыққан азаматтар арасында сауалнама жүргізілді.

- Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауылды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 9:00-де, 10:30-да, 12:30-да, 14:30-да, 16:30-да, 18:30 және 20:30-да жасалды, - делінген институт мәліметінде. 

Дауыс берушілерге "Сіз жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба? Қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?" деген сұрақ қойылды. Exit poll нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 86,7 пайызы "Иә, қабылдаймын" деп жауап берген. Референдумға азаматтардың қатысуы 75,3 пайызды құрады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны