28.07.2008, 15:20 2961

Бірқатар ірі құрылыс компанияларының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілетін рұқсатсыз құрылыс жүргізу фактілері анықталды - Бас прокуратура

Бірқатар ірі құрылыс компанияларының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілетін рұқсатсыз құрылыс жүргізу фактілері анықталды - Бас прокуратура

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бірқатар ірі құрылыс компанияларының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге берілетін рұқсатсыз құрылыс жүргізу фактілері анықталды. Бұл Қазақстан үкіметінің биыл мамыр айында қабылданған №425 қаулысы талаптарын бұзу болып табылады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтқанда, тиісті рұқсатсыз құрылыс нысандарын салу Альянсқұрылысинвест", "Ақмола құрылыс материалдвры" "Жалын" "ТРЕК АСТ" "BI-Group" серіктестіктері мен "TAMIZ INVEST GROUP" акцонерлік қоғамдарында анықталды.

Көрсетілген фактілер бойынша Астана прокуратурасы заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 10 әкімшілік өндірісін қозғап, олар қарау үшін өкілетті органға жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны