27.05.2013, 14:18 11097

Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми кездесуі өтеді

28 мамыр күні қырғыз астанасында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен бейресми кездесу өтеді.

Астана. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

28 мамыр күні қырғыз астанасында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен бейресми кездесу өтеді.

Бұл туралы Қырғызстан Республикасы СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кездесуде ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, 2014 жылға жоспарланған Қауіпсіздікке қолғабыс ету халықаралық күштерінің (ISAF) негізгі әскери контингенттерін Ауғанстаннан шығару жоспарына байланысты қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы тұру бойынша шараларды жүзеге асыру мәселері талқыланбақ.

Бүгін Бішкекте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК), Қорғаныс министрлері кеңесінің (ҚМК) және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің (ҚКХК) отырыстары басталады. Сондай-ақ, ҰҚШҰ СІМК, ҚМК және ҚКХК-ның бірлескен отырысы өтеді.

Кездесуге қатысушылар ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саясаты, қорғанысы және қауіпсіздік мәселелері бойынша бірқатар құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны