01.09.2016, 17:28 3650

Біз "Қазақстан-2050" стратегиясында көздеген мақсаттарымызға үздіксіз ұмтылатын боламыз - Н.Назарбаев

"Еліміз Тәуелсіздік тарихыныӊ екінші ширегін тыӊ қарқынмен бастайды деп сенемін. Біз "Қазақстан-2050" стратегиясында көздеген мақсаттарымызға үздіксіз ұмтылатын боламыз. Алдымызда үлкен міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр".

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Біз "Қазақстан-2050" стратегиясында көздеген мақсаттарымызға үздіксіз ұмтылатын боламыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада Парламенттіӊ екінші сессиясыныӊ ашылуында сөйлеген сөзінде атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ақорданыӊ ресми сайты Елбасы Н.Назарбаевтыӊ ҚР Парламентініӊ екінші сессиясыныӊ ашылуында сөйлеген сөзін жариялады:

Құрметті депутаттар!

Құрметті Үкімет мүшелері!

Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 59-бабына сәйкес алтыншы шақырылымдағы Парламенттіӊ екінші сессиясын ашық деп жариялаймын.

Құрметті депутаттар!

Баршаӊызды жаӊа парламенттік маусымныӊ басталуымен құттықтаймын.

Жер-жерде сайлаушылармен кездесіп, жаӊа ой-пікірлер жинақтады деп сенемін.

Биылғы сессия қастерлі Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығын тойлайтын кезеӊге сай келіп отыр.

Қазір әлемдік экономика аса күрделі кезеӊдердіӊ бірін бастан өткеруде.

Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниеніӊ барлық қиырын шарпып келеді.

Мұныӊ бәрі жаһандық әлемніӊ ажырамас бөлігі - Қазақстанға да ықпалын тигізуде.

Соған қарамастан, біз заманныӊ сын-қатерлеріне лайықты жауап беру үшін зор қызметтер атқарып келеміз.

Еліміз Тәуелсіздік тарихыныӊ екінші ширегін тыӊ қарқынмен бастайды деп сенемін.

Біз "Қазақстан-2050" стратегиясында көздеген мақсаттарымызға үздіксіз ұмтылатын боламыз.

Алдымызда үлкен міндеттер мен ауқымды жұмыстар тұр.

Бұл орайда, Парламентке де зор жауапкершілік жүктеледі.

5 институттық реформаны жүзеге асырудыӊ Ұлт Жоспарын заӊнамалық қамтамасыз ету қарқынмен жалғасын табуы қажет.

Еліміздіӊ дамуына қажетті көптеген заӊдар қабылдау керек.

Олардыӊ ішінде кезек күттірмейтін, қысқа мерзімде қабылдау қажет заӊдар бар.

Мен кәсіби Парламентіміз өзіне жүктелген тарихи міндетін абыроймен атқарарына сенімдімін.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны