29.05.2014, 20:32 1269

Біз Қазақстанда субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек - Т. Доскенов

Біз Қазақстанда субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Біз Қазақстанда субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.

"Еуразиялық экономикалық одақ аясында комиссия мен өнеркәсiп саласындағы арнайы субсидияларды келiстiру артық деп ойлаймын. Қазақстанда үдемелi индустриялды бағдарлама, бизнестiң жол картасы-2020 және тағы да басқа қолдау шаралары жүргiзiледi. Бiз осы тәрiздi субсидиялаудың тәуелсiз саясатын сақтап қалуымыз керек", - дедi Т.Доскенов.

Сондай-ақ, ол ҰКП өзге маңызды сұрақтарды шешуге ұмтылып отырғандығын айтты.

"Ықпалдастыққа кедергі келтіретін бірқатар жұмыстар мен шектеулер баршылық. Бүгін интеграцияның басты кедергілері екіжақты сауда, техникалық, кедендік, ЕурАзЭО аясындағы реттеу болып табылады", - деді Т. Доскенов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны