09.04.2009, 16:30 3392

Біз Қысқы Азия ойындарын міндетті түрде Алматыда өткіземіз - президент

Біз Қысқы Азия ойындарын міндетті түрде Алматыда өткіземіз - президент

Алматы. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Біз қаламызға көптеген жаңа нысандар тұрғызып беретін Қысқы Азия ойындарын міндетті түрде осында өткіземіз. Дағдарысқа қарамастан, қаламыз дамып, гүлдене түседі". Бүгін Алматыдағы Абай -Жандосов - Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысымен танысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Біздің бұрынғы астанамыз, немесе халқымыз "оңтүстік елорда" деп атайтын Алматы қаласы өз дамуын жалғастыруда. Мемлекеттің бұл қалаға деген назары бір бәсеңсіген жоқ",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы атап көрсеткендей, Алматы әрқашан әдемі және көк желекті қала болған. "Бірақ дәл тәуелсіздік жылдары Алматы қазіргі заманға сай қалаға айналды. Соңғы санақ көрсетіп отырғандай, қала тұрғындарының саны 1,5 миллион адамға жақындап отыр. Заманауи қонақүйлердің, кеңселер мен жоғары сапалы үйлердің, жаңа мектептер мен ауруханалардың, көлік қозғалыстарын жеңілдететін жолайрықтардың пайда болуы Алматыны әлемнің танымал шаһарларымен теңестіріп, қазіргі заманғы қалаға айналдырды. Және бұл жұмысты біз қала тұрғындарымен бірлесіп жалғастыратын боламыз", - деді президент.

Н.Назарбаевтың айтуынша, мемлекет қаланың көркейіп, тұрғындар үшін жайлы бола түсуіне тұрақты қаржы бөліп отыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны