29.01.2010, 13:30 2805

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап өсіріледі - президент

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап өсіріледі - президент

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап өсіріледі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өткен жылғы экономикалық оң өсім динамикасы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы мен студенттердің шәкіртақысын 3 ай ерте, яғни, 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап 25 пайызға өсіруге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны