13.12.2013, 21:11 9213

БҚО Теректі ауданында дәрігерлік амбулатория ашылды

Мекемеде 8 дәрігер жұмыс жасайды, одан басқа аудандық аурухананың бейінді дәрігерлері де белгіленген кесте бойынша қабылдау жүргізетін болады", - делінген хабарламада.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Тәуелсіздік күні қарсаңында Теректі ауданының Подстепное ауылында ауысымына 75 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ашылды, деп БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұған дейін қолайластырылған ғимаратта орналасқан амбулаторияның мұнша адам қабылдауға мүмкіндігі болмаған еді. Бұл облыста ағымдағы жылы салынған осындай бес нысанның біреуі.

Мекемеде 8 дәрігер жұмыс жасайды, одан басқа аудандық аурухананың бейінді дәрігерлері де белгіленген кесте бойынша қабылдау жүргізетін болады", - делінген хабарламада.

Ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиналғандарды қос бірдей қуанышпен - Тәуелсіздік мерекесімен және дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде деді ол. "Жақында облыс әкімі емхананың ашылу рәсіміне қатысқан болатын. Енді Подстепное ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Одан соң Бурлин ауданына бет бұрамыз. Ол жерде 500 орындық аурухана тұрғызылды. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асып отыр", - деді облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Макен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны